Атырау, 6 ақпан 16:29
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 495.10
€ 583.72
₽ 6.46

Жайық өзенінде инспекторлардың қызметтік квадроциклі мұз астына кетті

Бейнежазба
529 рет қаралды
Видеодан скриншот
Видеодан скриншот

7 қаңтарда Жайық өзенінде браконьерлікке қарсы рейд кезінде Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы қызметкерлерінің қатысуымен оқыс жағдай болды.

Оқиға кезінде инспекторлар қызметтік тапсырманы орындап жүрген. Олар құтқару кеудешелерін кигендіктен өздігінен қауіпсіз жерге шыға алды. Зардап шеккендер жоқ, қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына қауіп төнген жоқ.

Оқиға туралы тиісті қызметтерге хабарланды. Қазіргі уақытта квадроциклді судан шығару жұмыстары жүргізіліп жатыр, кейін оның техникалық жағдайына баға беріледі.

Инспекция өкілдері оқиғаның мән-жайы анықталып жатқанын, тексеріс қорытындысы бойынша қолданыстағы заң аясында шаралар қабылданатынын мәлімдеді.

Айгүл МАНСУРОВА

8 қаңтар, 10:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.