Атырау, 26 қараша 13:53
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

​АҚШ-пен арада мәселе туындаған Ресей БҰҰ-дан көмек сұрады

3 090 просмотра


АҚШ-қа виза алу қиындағаннан кейін Ресей БҰҰ төрелегін сұрап (арбитраждық процедура), Бас хатшы Антониу Гутерришке хат жолдады. Ресейдің бұл ұстанымына Қытай, Иран, Сүрия, Куба, Беларусь, Никарагуа қолдау білдірген. 

Желтоқсанда БҰҰ-ның Бас ассамблеясы АҚШ-ты БҰҰ-ның іс-шараларына қатысуға баратын делегаттарға тез арада виза беруге шақыратын қарар қабылдады. Құжатқа сәйкес, егер виза беруге қатысты мәселелер белгіленген уақытта шешілмесе, тиісті шаралар қолға алынады. 2014 жылы Қырым мен Донбастағы жағдайдан кейін екіжақты қатынастар күрт нашарлап, ресейліктерге АҚШ-тағы халықаралық іс-шараларға қатысу үшін виза беру мәселесі қиындаған. 2017 жылы БҰҰ жанындағы тұрақты өкілдік, бас консулдық пен АҚШ-тағы елшілікке іссапармен жіберілген ресейлік дипломаттарға виза берілмеді. Одан кейін де Нью-Йорктегі БҰҰ хатшылығына жіберілген ресейлік өкілдерді кедендік қызмет тексерді. 

Ал 2019 жылы БҰҰ Бас ассамблеясының пленарлық отырысы мен оның комитеттерінің жұмысына қатысуға ниет білдіргендердің көпшілігіне виза берілмеді. 

Дереккөз: Qazaqtimes.com

28 ақпан 2020, 12:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.