Атырау, 19 наурыз 07:59
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +6
$ 449.30
€ 489.69
₽ 4.89

2020 жылы шегірткемен күреске Қазақстанда республикалық бюджеттен Т1 млрд бөлінді

2 229 просмотра


2020 жылы шегірткемен күреске Қазақстанда республикалық бюджеттен Т1 млрд бөлінді, деп хабарлады ҚР ауыл шаруашылық министрлігінің баспасөз қызметінен.

«2020 жылы шегіртке тектес зиянкестер 554 мың гектар алқапта таралуы мүмкін деп күтілуде. Шегірткеге қарсы күрес үшін республикалық бюджеттен 1 млрд. теңге бөлінген. Аталған қаражат барлық болжамдалған алқапқа пестицидтерді және химиялық өңдеуді сатып алуға мүмкіндік береді», - делінген жұма күні Қазақстан мен Ресейдің ауыл шаруашылық министрлігі отырысының қорытындысы бойынша таратылған хабарда.

Қос тарап 2019 жылы жүргізілген іс-шаралар, шекаралас аумақтардағы шегіртке зиянкестерінің дамуы мен таралуы, ауыл шаруашылығы зиянкестерімен және аурулармен күресу іс-шаралар туралы ақпаратпен алмасты. Сондай-ақ, осы бағытта өзара іс-қимыл мен ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Хабарда нақтылағадай, орталық қоймада жалпы 47,5 мың литр пестицид қоры бар. 2020 жылы шегіртке тектес зиянкестердің үйірлі түрлеріне қарсы қорғаныс іс-шараларын жүргізу үшін 148 бірлік арнайы техника: оның ішінде 119 бірлік жерүсті бүріккіштері, 10 ұшақ, 10 бірлік аса жеңіл әуе кемесі (АЖӘК) және 9 бірлік аэрозольді генераторлар (ГАРД) жұмылдырылатын болады. Бүгінгі күні шегіртке тектес зиянкестерге қарсы қорғаныс іс-шараларын уақытылы ұйымдастыру үшін дайындық шаралары аяқталуға жақын.

Дереккөз: ҚазТАГ

28 ақпан 2020, 16:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.