Атырау, 23 қараша 06:47
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Газ мамандары кәсіпкерлердің сотқа жүгінуден шаршағанын күтіп жүр ме?

2 741 просмотра


Атырау облысының прокуроры Халидолла ДӘУЕШЕВ кәсіпкерлермен кездесті. Олар көтерген мәселенің негізгі бөлігі тағы да сол «ҚазТрансГаз Аймақ» мекемесінің қызметі мен жер мәселесін шешуге қатысты болып шықты.  

Қадағалау органы мен Өңірлік кәсіпкерлер палатасы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылғаннан кейін жергілікті кәсіпкерлерде прокуратураға тікелей байланысқа шығу мүмкіндігі пайда болды.  Прокуратура басшылығының кәсіпкерлерді қабылдауы ӨКП аймағында жүйелі түрде өтетін болады. Алғашқы қабылдауға 8 кәсіпкер келді. «Гаррард» ЖК өкілі Олжас ҚАПАНОВ 2019 жылы «ҚазТрансГаз Аймақ» мекемесімен газдың жетіспегеніне және артық шығындалғаны үшін алдын ала төлем туралы монополисттің талап етуі бойынша соттасқанын мәлімдеді. Сол кезде сот кәсіпкердің пайдасына шешім шығарды. Алайда осы жылдың басында ол жаңа келісімшарт жасасу қажет екені туралы ескерту хабарламасын алған. Онда сол газ мөлшерінің жетпегені мен асып кеткені үшін алдын ала төлем жасау талабы қайта енгізілген.

-Мен оларға арыз жаздым, басшыларымен кездестім, оларға бұл талаптан бас тарту туралы  министрдің бұйрығын көрсеттім. Бәрі  бос жүріс болды. Олар бұл 2019 жылғы келісімшарттар бойынша соттың шешімі деп мені алдағысы келеді. Егер ұнамаса, сотқа беруіңе болады дейді. Сонда мен бұрын шешімі табылған сол бір мәселемен жыл сайын соттасып отыруым керек болып тұрғаны ғой! – деп ашуға бой берді О.Қапанов. Облыс прокуроры бұл мәселені өзінің жеке  бақылауына аламын деп уәде етті, жауабы құжаттармен толық танысқаннан кейін берілетін болды.

Жер мәселесі бойынша түскен өтініштермен де жете танысу қажет. Х.Дәуешев жауапты қызметкерлеріне құжаттармен танысып, өзіне баяндауға тапсырма берді.

Прокуратура басшыларының кәсіпкерлерді кезекті қабылдауы ӨКП аумағында 3 наурызда өтеді. Бұл кездесуге Дәуешевтің орынбасары Бауыржан ЖҰМАҚАНОВ келеді.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

ӨКП жолдаған сурет

29 ақпан 2020, 00:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.