Атырау, 23 қараша 06:33
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Енді 15 жыл бұрынғы жер бөлу өтініштері қаралады

3 980 просмотра


Атырау әкімдігінің баспасөз қызметі қала әкімнің кезекті есебінде «АЖ» оқырмандарының жазбаша жолдаған сұрақтарына жауап берді.

-Алмалы, Береке, Балауса ауылдарында асфальт жол қашан төселеді?

- Жобалау-сметалық құжаттары әзір. Алмалы мен Береке ауылдарында асфальт жолдар бюджеттен қаржы бөлінуіне байланысты төселеді. Балауса ықшамауданы бойынша көп ұзамай мемлекеттік сараптама нәтижелері дайын болады. Асфальт жол салу 2020-2021 жылдарға жоспарлануда.

-Қазір жер телімін бөлу туралы қай жылғы өтініштер қаралуда?

- Атырау қаласы бойынша жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін алуға 87 958 адам кезекте тұр.  Қазір азаматтардың 2005 жылы (қала маңындағы Атырау, Тасқала, Дамба ауылдарында) тіркелген өтініштері қаралуда.  

ҚР Жер кодексінің 44-бабы 5-3 бөлігіне сай, жер учаскелері су, газ және электр қуаты жүргізілгеннен кейін беріледі.

- Сарыөзекте мектеп пен балабақша салына ма?

- Сарыөзекке қатысты: бюджет есебінен шаруашылық, бау-бақша, саяжай құрылыстарына арналған жер учаскелерінде мектеп пен балабақша салу қарастырылмаған. Себебі ҚР «Тұтыну кооперативі туралы» Заңының 8 бабы 1 бөлігіне сәйкес, мемлекеттік орган және жергілікті өзін-өзі басқару органдары тұтыну кооперативінің жұмысына араласуға құқығы жоқ.

- «Мұнайшы» стадионын қашан жөндейді?

- «Мұнайшы» стадионын қайта жаңғырту үшін 2016-2018 жылдары «ИндерГазСтройСервис» ЖШС жобалау-сметалық құжаттамасын жасады. Бірақ мемлекеттік сараптама құжаттардан кінарат тауып, жарамсыз деп шығарды. Сотқа арыз беріп, компанияға айыппұл салынды. Қазір құжаттары қайта дайындалуда.

- Маңында жол кедергілері қойылмаған мектептерге қатысты айтарыңыз?

-Қазір маңында жол кедергілері қойылмаған мектептердің тізімі жасалуда. Ол әкімшілік полиция басқармасына жіберіледі.

Дайындаған Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА 

28 ақпан 2020, 17:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.