Атырау, 26 қараша 13:52
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Қырғызстан азаматының коронавирус жұқтырғаны анықталды

2 223 просмотра


Круиз кемесінің қырғыз жолаушысы коронавирус жұқтырғаны анықтады. Бұл туралы Қырғызстан сыртқы істер министрінің орынбасары Нұрлан Абдрахманов айтты.

26 ақпан күні тапсырған Қырғызстан азаматының сынағы оң нәтиже берді. Бүгінде науқас жапон ауруханаларының біріне жатқызылды. Коронавирус оның кемедегі көршісінен жұққан, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан

"Бізге жеткен мәліметтер бойынша, ер адам қатты ауырып жатқан жоқ. Науқастан шағым түспеді", - деді Абдрахманов.

Жапония тарапы қырғыз азаматы толық сауығып кетпейінше елден шығарылмайтынын хабарлап отыр.

Айта кетейік, 27 ақпанда өткен баспасөз мәслихатында Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов кемеден шыққан төрт отандасымыздың сынамалары оң нәтиже бермегенін мәлімдеді.

Дереккөз: Sputniknews.kz

28 ақпан 2020, 14:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.