
Алматы қаласында "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері есірткі құралдарының заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікпен бірнеше тұлғаны ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Жеке тінту барысында ұсталғандардың бірінен - шетел азаматынан ұнтақ тәрізді зат салынған бірнеше орам табылып, тәркіленді.
Сараптама қорытындысына сәйкес, алынған заттар тыйым салынған есірткі құралдары санатына жатады.
Сонымен қатар күдіктінің "жасырын қойма" тәсілі арқылы жүзеге асырылатын ықтимал курьерлік қызметке қатыстылығы тексерілуде.
В Атырау -2