Атырау, 23 желтоқсан 22:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Дулат Ағаділдің анасы прокуратураға арыз түсірді

4 328 рет қаралды


Қоғам белсендісі Дулат Ағаділдің анасы прокуратураға арыз түсірді. Бұл туралы қала прокурорының орынбасары Елдос Қилымжанов мәлім етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Бүгін бізге марқұм Дулат Ағаділдің анасы арызданып, отбасы рұқсатынсыз бейнежазба жасап таратқандарды жауапқа тартуды сұрады. Ол бейнежазбаның жасалғанына және оған жазылған пікірлерге қатты ашуланып отыр", - деді Қилымжанов арнайы баспасөз мәслихатында.

Осы орайда прокурор орынбасары асығыс шешім жасамауға, сондай-ақ, жалған ақпарат таратпауға үндеді.

Айта кетейік, бұған дейін желіде Дулат Ағаділдің жерлеу рәсімінен түсірілген бейнежазба тараған болатын. Авторлар мәйітті көрсетіп, комментарий жасаған.

Дереккөз: Sputniknews.kz

28 ақпан 2020, 15:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.