Атырау, 4 ақпан 11:54
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 503.44
€ 593.35
₽ 6.55

Атыраудағы өрттен екі адам құтқарылды

Бейнежазба
479 рет қаралды
Видеодан скриншот
Видеодан скриншот

Атырауда Махамбет Өтемісұлы көшесіндегі бес қабатты тұрғын үйдің төртінші қабатындағы пәтерден өрт шықты.

Құтқарушылар оқиға орнына дер кезінде жетіп, жалынның таралуына жол бермей, баспалдақ арқылы екі адамды қауіпсіз жерге шығарды.

Өрт 6 шаршы метр аумақта сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Қазір өрттің шығу себебі анықталуда.

Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды тұрмыста өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырады.

7 қаңтар, 14:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.