Атырау, 4 мамыр 22:04
 ашықВ Атырау +7
$ 444.14
€ 477.05
₽ 4.85

Атырауда биыл 19 үй терможаңғыртудан өтеді

2 084 просмотра


- 4-уі жергілікті бюджет, қалғаны – республикалық бюджет есебінен. Бұл туралы брифингте қалалық  тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Қайрат ХАБИЕВ (суретте) хабарлады. 4 үйдің күрделі жөндеуіне жергілікті билік 200 млн теңге бөліп отыр. Үш үй СМП-163-те орналасқан болса, біреуі Авангард-2 ықшамауданында. «Республикалық» 15 үй Атыраудың әр жерінде  – СМП-136, СМП-163, Авангард, Балықшы және Вокзал маңында орналасқан.

2011 жылдан бері «2020 жылға дейін өңірлерді дамыту» мемлекеттік бағдарламасы бойынша республикалық және жергілікті бюджеттен 4,5 млрд теңге бөлінді және компаниялардың қайтарылған шығындары пайдаланылды. 127 көппәтерлі тұрғын үй күрделі жөндеуден өтті. 2011 жылы – 17, 2012 жылы – 28 үй (республикалық бюджеттен), 2013 ж. – 3 (жергілікті бюджеттен), 2014 жылы 22 үй (20-ы республикалық бюджеттен, 2 – қайтарылған ақшадан), 2015 жылы – 8 (6-уы республикалық бюджеттен, 2-уі қайтарылған ақшадан, 2016 ж. – 5 (қайтарылған қаражат есебінен). 2017 жылы – 19 үй (қайтарылған қаражат есебінен),  2018 жылы – 12 үй (8 үй жергілікті бюджет есебінен және 4-уі қайтарылған қаражат есебінен), 2019 жылы 13 үй (9 жергілікті бюджет, 4 қайтарылған қаражат есебінен).

Қазір қайтарылған қаражат есебінен құны 57,1 млн теңгеге С.Датұлы көшесіндегі  12-үйде жөндеу жүріп жатыр. Қ.Хабиевтің айтуынша, 2020 жылдан бастап терможаңғырту «Нұрлы жер» атты басқа бағдарлама шеңберінде 2020-2025 жылдары жүргізіледі.

Атыраудағы көппәтерлі 115 үйде 303 лифт жұмыс жасап тұр. Оның 52-сі жұмыс жасамайды, ал 40-ы тіптен темір тормен бекітулі. Алмагүл ықшамауданында 8 үйде 24 лифті, Нұрсаяда №№14 және 14а үйлердегі 5 лифт істен шыққан. Бұл жақында біздің газетте жарияланған  жатақханалар. Молдағалиев көшесіндегі №5 үйде 1 лифт  және №7 үйде 1 лифт жұмыс істемейді. 29-үйде осымен 4 лифт жұмыс жасамай тұр. Сарыарқа ықшамауданындағы №29 үйде 2 лифт істен шыққан және соншасы Құлманов көшесіндегі №№1Б, 1В үйлерінде; Әйтеке би көшесіндегі №113 үйде – 2 лифт, Сәтпаев даңғылында №19 және 41а үйлерінде бір-бірден лифт жасамайды. Момышұлы көшесіндегі 23, 25, 27-үйлерде 7 лифт қызметі тұрып қалды, Құрманғазы көшесінде №1а, №3 үйлерде бір-бірден лифт қозғалмай тұр. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында көпқабатты 5 үйдегі 33 лифт жөндеуден өтті. Биыл 5 үйде 13 лифті ауыстыру кезегінде тұр.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген автор

29 ақпан 2020, 01:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.