Атырау, 26 қараша 13:59
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Террористік топқа қосылмақ болған 21 адам ұсталған

2 057 просмотра

26 ақпанда Ташкент және Ташкент облысы аумағында халықаралық террористік ұйымдардың ықпалына тап болған бір топ адам ұсталды деп хабарлайды Өзбекстанның ішкі істер министрлігі.

Мәлімдемеде көрсетілгендей, ұсталғандар Сириядағы террористік ұйымдарды қолдап, қатарына қосылмақ болған. Оларға қарсы қылмыстық іс қозғалған. Тергеу ісі барысында 24 мекен-жайға тінту жүргізіліп, 21 адам ішкі істер бөлімшесіне жеткізілген. «Ұсталғандардың үйінен айғақ заттар табылды», – делінген хабарламада.

Әзірге олардың қандай террористок топқа қосылмақ болғаны жөнінде мәлімет жоқ. 2019 жылдың 4 қыркүйегінде Өзбекстан президентінің елдегі діни ахуалды жақсартуға бағытталған құпия қаулысында экстремистік насихатшылардың саны көбейгені айтылған.

Дереккөз: Nege.kz

28 ақпан 2020, 14:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.