Атырау, 9 қаңтар 09:20
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 508.91
€ 594.36
₽ 6.33

Атырауда жаңа мектептер, балабақшалар мен спорт кешендері ашылды

184 рет қаралды
Сурет: gov.kz
Сурет: gov.kz

Атырау облысында өткен жылы әлеуметтік маңызы бар 90-ға жуық нысанның құрылысы аяқталды.

Бұл туралы облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Нұрберген Құсайынов брифингте хабарлады. Оның айтуынша, жаңа ғимараттардың 44-і басқарманың тапсырысы бойынша, ал қалған 45-і қала мен аудан әкімдіктерінің бастамасымен салынған.

Жаңа нысандардың басым бөлігі білім беру, денсаулық сақтау, тұрғын үй, мәдениет және спорт салаларын қамтиды. Жыл ішінде 2700 орындық үш мектеп, екі балабақша, бір оңалту орталығы, екі дәрігерлік амбулатория және тоғыз спорт нысаны пайдалануға берілді.

Тұрғын үй құрылысы бағытында да оң көрсеткіштер байқалды. Барлық қаржыландыру көздері есебінен 767,8 мың шаршы метр баспана іске қосылып, жылдық жоспар 101,9 пайызға орындалды. Сонымен қатар әлеуметтік осал топтағы азаматтарға арналған 205 пәтер сатып алынды.

Өңірде су тасқынының алдын алу мақсатында Жайық, Қиғаш, Жем өзендері мен бірнеше каналдарда түп тереңдету және арнаны тазалау жұмыстары жүргізілуде. Бұл шаралар су өткізу қабілетін арттыруға бағытталған.

Нұрберген Құсайынов барлық жобалардың әлеуметтік маңыздылығына қарай кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Алдағы уақытта да инфрақұрылымды дамыту жұмыстары жалғасып, жаңа мектептер мен балабақшалар, денсаулық сақтау нысандары, тұрғын үй кешендері және инженерлік инфрақұрылым жобалары іске асырылмақ. Бұл бастамалар өңірдің тұрақты дамуына және халықтың өмір сапасын жақсартуға ықпал етеді.

Кеше, 11:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.