Атырау, 11 қаңтар 18:06
 ашықВ Атырау -4
$ 526.81
€ 542.72
₽ 5.16

Барлық жаңалықтар

«Грузин арманы» Тина Канделакиге вице-премьер лауазымының ұсынылғаны туралы қауесетті жоққа шығарды Әлемде

«Грузин арманы» Тина Канделакиге вице-премьер лауазымының ұсынылғаны туралы қауесетті жоққа шығарды

Танымал ресейлік тележүргізуші Тина Канделакиге «Грузин арманы» коалициясы Грузияның болашақ үкіметінде ешқандай лауазым ұсынбаған. Грузияның сыртқы істер министрі лауазымына үміткер Майя Панджикидзенің журналистерге айтуынша, коалицияда Тина Канделакидің кандидатурасы мүлдем қарастырылмаған және ресейлік БАҚ-тың Канделаки Грузияның вице-президенті немесе байланыс және коммуникация министрі болып тағайындалуы мүмкін деген ақпараты шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды REGNUM АА. 12 қазан 2012, 10:47 2 013 просмотра
Аслан Мусин неміс клиникасында тексеруден өтуде Қазақстанда

Аслан Мусин неміс клиникасында тексеруден өтуде

Есеп комитетінің қабылдау бөлмесіндегілер Азаттық радиосына Аслан Мусиннің еңбек демалысында екендігін хабарлап, оның Еуропаға қашқандығы туралы оппозициялық газеттің ақпаратын теріске шығарды, деп жазады nur.kz. 12 қазан 2012, 10:16 3 985 просмотра
Түркия Қазақстанда фармацевтикалық зауыт салуға қаржы салады Қазақстанда

Түркия Қазақстанда фармацевтикалық зауыт салуға қаржы салады

«Ертең Ыстамбұлда бірнеше миллиондық келісімшарттарға қол қойылатын бизнес-форум өтеді, бұл біздің ортақ инвестициямыз. Атап айтқанда, фармацевтикалық саланы дамыту мен зауыттар құрылысын жүргізу жоспарланып отыр. Бүгінде Қазақстан жыл сайын 700-800 млн доллардың дәрі-дәрмегін шетелдерден алады, сондықтан фармацевтикалық зауыттар ашу импорттың азаюына ықпал етеді», деді Н.Назарбаев. 12 қазан 2012, 09:26 2 248 просмотра
Әбілязовтың отбасына жалған құжаттар жасап бергені үшін қамауға алынды Оқиға

Әбілязовтың отбасына жалған құжаттар жасап бергені үшін қамауға алынды

№2 Атырау қалалық соты «Эллис Регион» ЖШС маркетологы Асылбек САЙФУЛЛИН мен Атырау облыстық ІІД көші-қон полициясы басқармасының инспекторы Жомарт КӨШӘЛИЕВТІ екі ай уақыт мерзімге қамауға алуға санкция берді. 11 қазан 2012, 14:52 5 243 просмотра
Азия Ұлтшылдығы Теңізде Әлемде

Азия Ұлтшылдығы Теңізде

Шығыс Азия теңізі айдынындағы қақтығыс өрши ма? Қытайлар “Дяоюй аралы”, Жапондар “Сенкаку аралы” деп атайтын бір парша тақыр жер үшін Қытай мен Жапон ұлтшылдары найза ұштарын бір-біріне кезескен соң, Қытайдың оңтүстік-батысындағы Чэнду қаласында ереуілшілер: «Жапондардың бәрін қырып-жояйық» деп ұрандасты. 11 қазан 2012, 14:19 9 452 просмотра
Спорт, қаржы және нарық туралы Спорт

Спорт, қаржы және нарық туралы

Біз үшін спорт не - өзімізді әлемдік деңгейде танытуға мүмкіндік пе, ұлттың саулығы, әлде ақшаны оңды-солды жұмсаудың жолы ма? Балалар спортын дамытудың қазіргі жүйесі оңтайлы ма? Осы тақырыптар төңірегінде біз профессор, педагогикалық ғылымдардың докторы, Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі Халит ЖАМАЛЕТДИНОВПЕН (суретте) әңгімелестік. 10 қазан 2012, 21:43 4 650 просмотра
Паромның орнына көпір болады Басқа жаңалықтар

Паромның орнына көпір болады

Есбол селолық округінің әкімі Самат ЖАЙЛАШЕВТЫҢ айтуынша, 2013 жылдың бюджет жоспарына Махамбет ауданы орталығы мен сол жақ жағалаудағы 3 ауылды – Ортақшыл, Есбол және Еңбекшіл ауылдарын Жайық өзені арқылы жалғайтын көпір салынады. 10 қазан 2012, 21:27 7 993 просмотра
Басқа жаңалықтар

Үйлестіру кеңесі көз жасына сенбейді

«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасының аясында мақұлданған кәсіпкерлер жобаларының саны бойынша Атырау облысы еліміздегі өңірлер арасында соңғы орындарда тұр. Неліктен? Бұл тұрғыда шенеуніктер мен кәсіпкерлердің пікірлері әртүрлі. 10 қазан 2012, 21:07 2 141 просмотра
Тариф әзірге көтерілмейді Басқа жаңалықтар

Тариф әзірге көтерілмейді

Жылу есептегіштері жоқ үйлердің тұрғындары үшін жылу тарифтері дәл қазіргі уақытта көтерілмейтін болды. Бұл туралы 8 қазанда өткен кеңесте Табиғи монополияларды реттеу агенттігі департаментінің директоры Жанайым КЕЛБАТЫРОВА хабарлады. 10 қазан 2012, 20:37 2 183 просмотра
Азаматтық атыңа лайықсың ба? Қоғам

Азаматтық атыңа лайықсың ба?

Атыраудағы тхеквондоның негізін салушы Қабибек МҰХИТАНОВ, айкидодан Нұрлан ШАЙХИЕВ және каратэ мен муай-тай жекпе-жек өнерінің негізін салушылар Айбат РАХМАН «Қара белдіктер клубына» бірікті. Дәстүрлі шығыс жекпе-жектерінің майталмандары адамзаттың күшті жартысының шынайы өкілі қандай болуы тиіс екенін жұртшылыққа түсіндіруге тырысты. 10 қазан 2012, 20:28 4 829 просмотра