Атырау, 10 қазан 11:30
 ашықВ Атырау +20
$ 489.06
€ 536.21
₽ 5.05

Ресейде ұшақ апатынан 61 адам қаза тапты

Бейнежазба
3 174 просмотра

Фото: Валерий Матыцин/ТАССРесейдің Дондағы Ростов қаласында бүгін жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап, ондағы 61 адам түгел қаза тапқаны туралы ақпарат тарады.

Дубайдың FlyDubai әуе компаниясына тиесілі Boeing 737-800 ұшағы Ростов қаласының әуежайына қонар кезде апатқа ұшыраған. Жергілікті билік орындарының хабарлауынша, ұшақта 55 жолаушы және экипаждың 6 мүшесі болған. Ұшақ апаты туралы хабарды FlyDubai әуе компаниясы растады.

Алдын ала мәлімет бойынша, ауа райы қолайсыз кезде әуежайға қонбақ болған ұшақ жерге соғылып, іле-шала өртенген.

Апат болған жерде құтқарушылар мен өзге де жедел қызмет өкілдері жұмыс істеп жатыр деп хабарланды.


Дереккөз: azattyq.org

19 наурыз 2016, 11:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.