Атырау, 27 маусым 21:16
 дождьВ Атырау +25.5
$ 486.47
€ 554.77
₽ 6.26

Еуроодақ Түркияға қосымша 3 млрд еуро бөлуі мүмкін

1 580 рет қаралды

Фото: skai.grЕуроодақ мигранттарға қатысты туындаған мәселені шешу үшін Түркияға қосымша 3 миллиард еуро бөлуі мүмкін.

Алайда ол үшін түріктер бұған дейін тура осындай көлемде бөлінген қаражатты толық жұмсап бітуі тиіс. Бұл туралы 17-18 наурыз аралығында Брюссельде өтетін Еуроодақ саммитінің ұйымдастырушылары хабарлады. Алқалы жиында одаққа мүше елдердің басшылары Түркия премьер-министрімен босқындарға қатысты туындаған ахуалды талқылауы тиіс. Естеріңізде болса, 3 ақпанда Еурокомиссия Түркияға 3 миллиард еуро көлемінде қаржылай көмек көрсету жоспарын мақұлдаған болатын.

Дереккөз: 24.kz


17 наурыз 2016, 14:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.