Атырау, 29 қараша 03:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Айзада Авлатарованы ұрлаған адам судьядан өзін 10 жылға соттауын сұрады

1 491 просмотра

20 жастағы студент қыз Айзада Авлатарованы ұрлаған 45 жастағы Игорь Токаров өз кінәсін толықтай мойындап, судьядан өзін 10 жылға соттауын сұрады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне сот процессіне қатысқан адам хабарлады.

Осыған дейін тараптар айыпты мойындау туралы процессуалдық келісімге келген еді. Бірақ зардап шеккен тарап Токаревтің өтінішін қабылдамай, бұдан ауыр жаза тағайындалуын талап етті. Осылайша, Алматы облысының Жамбыл аудандық сотында Токаревке қатысты қылмыстық іс өз мәнінде қарастырылатын болды.

Айта кетейік, Игорь Токаревке Айзада Авлатарованы ұрлаумен қатар, тағы да 16 эпизод бойынша ауыр қылмыстарды жасады деген айып тағылып отыр. Олардың ішінде тонау, зорлау, ұрлық, сексуалдық мәндегі зорлық әрекеттері және Алматы облысының территориясында адам ұрлау деректері. Осы баптар бойынша ең ауыр жаза - бас бостандығынан 12 жылға айыру.

Осыған дейін Токаревтің әрекетінен жеті адамның зардап шеккені де хабарланды, олардың төртеуі қыздар. Сот жабық режимде өтіп жатыр.

Еске сала кетейік, Айзада Авлатарова 3 желтоқсанда жоғалып кеткен болатын. Іле ауданы Жетіген ауылының тұрғыны көрші Өтеген батыр ауылындағы (қыздың үйінен 25 шақырымдағы) оқуына бару үшін таксиге отырған. Дегенмен ол тиісті жеріне жетпеді. Қызды іздеуге полицияның 350 қызметкері мен еріктілер қатысты. Қыз бен оны ұрлаған адам бірнеше күннен кейін Алматы маңындағы саяжайдан табылды. Игорь Токарев осы уақыт бойы қызды күштеп ұстап, қорқытып, араққа мас қылған.

Ал Айзада Авлатарова өзін ұрлап кеткен Игорь Токаревтің сотынақатыспайды. Авлатарова сотқа істі өзінің қатысуынсыз қарау туралы арыз жазды.

Дереккөз:tengrinews.kz

18 наурыз 2016, 10:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.