«Атырау» ФК баспасөз қызметі келесідей хабарлама таратты: «Қазақстанның футбол лигасының шешімімен форс-мажорлық жағдайларға байланысты Қазақстан чемпионатының екінші турының «Атырау» - «Тобыл» командалары арасындағы матчы белгісіз уақытша шегерілді».
Матчтың өтетін уақыты кейін анықталады. Естеріңізге салсақ, бұл матч бүгін, 19 наурызда өтуі тиіс еді.
Жоспарланған «Тобылға» қарсы ойынның орнына «Атырау» екі құрамға бөлініп, өзара ойын өткізуді жоспарлап отыр. Ойын «Судоремонтник» стадионында сағат 15.00-де басталады. Кіру тегін.
Біздің ақпаратымыз бойынша, «Тобыл» командасы Қостанайдан Атырауға ауа райының қолайсздығынан ұшақ ұша алмауына байланысты келе алмаған.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ