Атырау, 5 тамыз 22:50
 дождьВ Атырау +34
$ 471.98
€ 543.39
₽ 5.82

«Трэкол» Лебяжий кен орнынан мұнайшыларды құтқарды

1 821 рет қаралды

19 наурызда облыстық ТЖД-ның кезекші 112 пультіне Жылыой ауданындағы Лебяжий кен орнына баратын жолды Каспий теңізі жағынан келген желқума толқын шайып кетті деген хабарлама келді.

Бұл туралы ТЖД-ның Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметі басқармасының бастығы Нұрлан ЖАҢАБАЕВ хабарлады. Аудан орталығы Құлсары қаласы мен Лебяжий кен орнының арасы – 190 шақырым. «Иради Сервис» ЖШС-тің екі қызметкері су қоршауында қалған.

Сағат 11.30-да Лебяжий бағытына үш құтқарушы экипажы бар «Трэкол» арнайы көлігі жіберілді. Сағат 18-да құтқарушылар белгіленген жерге жетіп, мұнайшыларды алып, жарты сағаттан кейін кері жолға шықты.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

20 наурыз 2016, 11:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.