Атырау, 10 қазан 11:24
 ашықВ Атырау +20
$ 489.06
€ 536.21
₽ 5.05

КХДР 2 баллистикалық зымыран ұшырды

2 720 просмотра

Фото: 24.kzСолтүстік Корея 2 баллистикалық зымыран ұшырды.Бұл туралы Пентагон хабарлайды.

Олардың бірі шамамен 800 шақырым қашықтықты ұшып өтіп, Жапон теңізіне құлаған. Араға 22 минут салып, екінші зымыран ұшырылыпты. Алдынала мәлімет бойынша, ол ауада жарылып кетуі мүмкін. Пхеньянның бұл әрекетін Оңтүстік Корея мен Жапония қатаң сынға алып отыр. Күншығыс елінде бұл мәселеге қатысты ұлттық қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысы да өтті. Айта кеткен жөн, қазір Корей түбегінде Вашингтон мен Сеулдің ортақ әскери оқу-жаттығулары өтіп жатыр. Пхеньян оны арандатушылық әрекетке бағалаған. Солтүстік Корея бұған жауап ретінде ядролық сынақ жүргізіп, зымыран ұшырамыз деп, сес көрсеткен еді.

Деркккөз: 24.kz



18 наурыз 2016, 10:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.