Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан сайлау заңы бойынша парламентке сайлануға мүмкіндік беретін жеті пайыздық межеден билікшіл үш саяси ұйым – «Нұр Отан» (82,15 %), «Ақ жол» (7,18 %) және Қазақстан коммунистік-халықтық партиялары (7,14 %) өткені туралы мәлімдеді.
Парламент сайлауының алдын ала ресми қорытындысыа сәйкес, заң бойынша парламентке сайлануға мүмкіндік беретін жеті пайыздық межеден билікшіл үш саяси ұйым – «Нұр Отан» (82,15 %), «Ақ жол» (7,18 %) және Қазақстан коммунистік-халықтық партиялары (7,14 %) өткен.
Ал сайлауға қатысқан қалған үш партия - «Бірлік» 0,29 %, Жалпыұлттық социал-демократиялық партия – 1,18 % және «Ауыл» партиясына – 2 % дауыс алғаны хабарланды.
Орталық сайлау комиссиясы аумақтық сайлау комиссиялары хаттамалары негізінде парламент мәжілісі депутаттарын сайлаудың түпкілікті қорытындысы 26 наурыздан кешіктірілмей белгіленетінін хабарлады.
Парламент мәжілісінің кезектен тыс сайлауына алты партия қатысқан. Заң бойынша, мәжілістегі 107 депутаттық орынның 98-і - партиялық тізім бойынша, тоғызы Қазақстан халқы ассамблеясы атынан сайланады. Қазақстан халқы ассамблеясы парламентке сайланатын өз депутаттарын бүгін анықтайды.
Дереккөз: azattyq.org