Фото: ReutersАҚШ президенті Куба жеріне алғаш рет аяқ басты.
Барак Обама 90 жылға жуық уақыттан бері Кубаға барған алғашқы АҚШ президенті болды. Ақ үй иесі мінген Air Force One ұшағы Гаванадағы Хосе Марти әуежайына қонып, АҚШ президентінің тарихи сапары тікелей эфирде көрсетілді. Обама Бостандық аралына отбасымен келді, деп жазады gazeta.ru.
Дереккөз: 24.kz