Фото: inform.kzАСТАНА. ҚазАқпарат - «Демократия институты» жүргізген жалпыхалықтық Exit-poll-дың қорытындысы бойынша, «Нұр Отан» партиясы 82% дауыс жинады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында институт директоры Юлия Кучинская мəлім етті.
«Демократия институты бүгін өткен сайлау аясында жалпыхалықтық сауалнама (Exit-poll) жүргізді. Институттың зерттеуі еліміздің 14 облысы мен Астана, Алматы қалаларында жүргізілді. Exit-poll таңғы 07.00-ден кешкі 20.00-ге дейін 750 сайлау учаскесінде жүргізілді.
Сауалнамаға 75 мың адам қатысты. Сонымен, Exit-poll-дың қорытындысы бойынша сайлауға түскен партиялар мынандай нəтиже көрсетті:
«Нұр Отан» партиясы - 82% дауыс, «Қазақстанның коммунистік халық партиясы» - 7,17%, «Ақ жол» партиясы - 7,22%, «Бірлік» партиясы - 0,35% дауыс, Жалпыұлттық əлеуметтік-демократиялық партия - 1,21% дауыс, «Ауыл» партиясы 2,05% дауыс жинаған», деп мəлім етті Ю.Кучинская.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасында Парламент Мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауы өтті. Қазақстан мен шет елдерді қоса алғанда, халық барлығы 9840 сайлау учаскесінде таңғы сағат 07.00-ден кешкі 20.00-ге дейін дауыс берді.
Дереккөз:inform.kz