Атырау, 19 қараша 10:14
 бұлттыВ Атырау +5
$ 497.89
€ 525.12
₽ 5.00

​Атырауда кім және қалай дауыс беруде?

6 994 просмотра

Атырауда Парламент Мәжілісіне, облыстық және қалалық мәслихатқа депутаттарды сайлау бойынша дауыс беру жүріп жатыр. Біз №9 сайлау учаскесінде болып қайттық.

Учаскелік комиссия төрағасы Рашид ШӘМБІЛДІҢ айтуынша, тізімде 1400 сайлаушы бар. Түске қарай біз учаскеге барған кезде 500-дей адам дауыс беріпті.

- Алғашқы дауыс берушілер учаске ашылған кезде, таңертеңгі сағат жетілерде келді, - дейді Шәмбіл. - Жалпы жақсы қатысуда.

Шынымен де, осы жерде болған азғана уақыт ішінде келушілер легі үзілмеді.

Учаскедегі ең үлкен сайлаушы Екатерина Ивановна СЕМИОНЧЕВА да дауыс берді. Жасы 90-ға келсе де, оның өзі келді.

- Кімнің сайлауға түсіп жатқанын білмесем де келем дедім. Бұрын, әрине, сайлау басқаша болатын. Мейрам секілді еді. Бұл күні би де, фильм де болатын. Бүгінде ешкім дауыс бергісі келмейді. Үміткерлерді білмейді, дауыстары ескерілмейді деп есептейді. Бәрі де адамдарға байланысты ғой. Сайлауға бару керек, өйткені бұл біздің құқығымыз, оны елемеуге болмайды, - деп пайымдайды Екатерина Ивановна бюллетеньді жәшікке салған соң.

Қала тұрғыны Талғат ЕСЖАНОВ сайлауға отбасымен - жұбайымен және қызымен келіпті.

- Бәрі үміткерлерді білмейміз деп шағымданады. Біз отбасымызбен сайлауалды бағдарламалармен арнайы танысып шықтық. Сондықтан өз дауысымызды кімге беретіндігімізді шешіп келдік, - дейді ол.

Қала тұрғыны Арина сайлауға күйеуін ертіп әкеліпті деуге болады:

- Ол барғысы келмеді, барудың мәні жоқ деп есептейді. "АЖ" сайтындағы комментарийлердің бірінде біздің билігіміз - біздің келбетіміз депті. Мен мұнымен келісемін. Барып, дауыс беру керектігіне күйеуімді көндірдім. Меніңше, мұны әр адам жасауға тиіс, тіпті, оның пікірінше, лайықты үміткер болмаса да.

Осы учаскедегі дауыс беру процесін партия мен қоғамдық ұйымдардан бақылаушылар қадағалауда. Сондай-ақ, бұл жерде Ресей Федерациясының, басқа ТМД елдері мен ЕҚЫҰ-дан да бақылаушылар қатысып отыр.

Сайлау учаскелері сағат 20.00-ге дейін жұмыс жасайды.

Тамара СУХОМЛИНОВА

Суретті түсірген автор

20 наурыз 2016, 15:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.

Комментарий беру ажыратылған