Атырау, 5 наурыз 13:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 499.83
€ 581.50
₽ 6.42

Барлық жаңалық

Дизель отынын ұрлаған, бірақ «ұйымдасқан түрде» емес. Облыстық мәслихаттың бұрынғы депутаты ақталды Атырауда

Дизель отынын ұрлаған, бірақ «ұйымдасқан түрде» емес. Облыстық мәслихаттың бұрынғы депутаты ақталды

Атырау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы апелляциялық тәртіпте облыстық мәслихаттың Amanat партиясы атынан сайланған экс-депутаты Абзал-Сенбі Самаликовқа және тағы 18 адамға қатысты №2 қалалық соттың үкімін өзгертті. Атап айтқанда, апелляциялық сот Самаликов пен Мақат локомотив депосының есепшісі Ақмаржан Жұмашеваны ақтап шықты. 6 тамыз 2022, 01:24 2 188 рет қаралды
Атырауда 100 ауланы абаттандыру жобасы басталды Қоғам

Атырауда 100 ауланы абаттандыру жобасы басталды

Қазір 72  ауланы абаттандыру бойынша жұмыстар басталды. Оның ішінде тұрғын үйлердің ауласында автокөлік жолы мен жаяу жүргіншілер жолдарын қалпына келтіру, кеңейту, автотұрақтар орнын салу, әсемдік қоршаулар мен түнгі жарық шамдарын орнату, балалар ойын алаңдары, спорттық-жаттығу алаңдары мен кіші аяқ доп алаңдарын орнату, қоқыс алаңшалары және т.б. жұмыстар қаралған. Сурет 5 тамыз 2022, 15:36 1 668 рет қаралды
Көне заман ақшалары Мәдениет

Көне заман ақшалары

4 тамызда Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығының жылжымалы көрмесі ашылды. «Ұлы Жібек жолы және Отырар алқабының ортағасырлық өркениеті» тақырыбындағы көрмеге IX- XVII ғасырлардағы, Қазақ хандығы құрылғанға дейінгі Отырардың өркениетін, мәдениетін, ғылымын, шаруашылығын көрсететін археологиялық жәдігерлер қойылған. Сурет 5 тамыз 2022, 17:10 3 144 рет қаралды
«Ескі базар» туралы бір ауыз сөз Атырауда

«Ескі базар» туралы бір ауыз сөз

Халық арасында «Ескі базар» атанған Атыраудың ескі бөлігіндегі «колхоз базары» қазір сауда орталығына айналған. Мақсаты былтыр тамыз айында өзгерді. Бірақ іс жүзінде бұл әр демалыс күндері ұсақ-түйек пен азық-түліктен бастап тауық, қоян және басқа да жануарларға дейін керек нәрсенің бәрін сатып алуға болатын нағыз базарға айналады. Сурет Бейнежазба 5 тамыз 2022, 16:25 2 461 рет қаралды
Экологтар АМӨЗ бен басқа да кәсіпорындарды тексеріп, заң бұзушылықтарды анықтады Экология

Экологтар АМӨЗ бен басқа да кәсіпорындарды тексеріп, заң бұзушылықтарды анықтады

Атырау облысы Экология департаменті «Атырау Мұнай өңдеу зауыты», «АЛМЭКС плюс» және «Светланд-ойл» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері секілді ірі кәсіпорындарға профилактикалық бақылау жүргізді. Атап айтқанда, «АМӨЗ» ЖШС-не 5 млн теңгеден астам айыппұл салды. Бұл туралы Экология департаменті басшысының орынбасары Сырым ТІЛЕГЕНОВ брифингте мәлім етті. Сурет 4 тамыз 2022, 22:13 1 934 рет қаралды
Жұмысшылар наразылыққа шықты Атырауда

Жұмысшылар наразылыққа шықты

3 тамыз күні «Атырау-Жарық» АҚ-ның Жылыой аудандық электр жүйесі бөлімшесінің 80-ге жуық жұмысшысы наразылыққа шығып, жұмысқа шығудан бас тартты. Олар еңбекақыны екі есе өсіруді және жұмыс жасауға жағдай туғызуды талап етіп отыр. Наразылық бүгін де жалғасты. Сурет Бейнежазба 4 тамыз 2022, 18:04 1 974 рет қаралды
Еңбек инспекторы үнсіздігін бір жарым миллион теңгеге бағалаған Атырауда

Еңбек инспекторы үнсіздігін бір жарым миллион теңгеге бағалаған

Атырау қаласының №2 соты Атырау облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясының инспекторына ҚР ҚК-нің 366-бабының 2-бөлігі («Айтарлықтай мөлшерде пара алу») бойынша үкім шығарды.  4 тамыз 2022, 17:16 1 616 рет қаралды
Атырауда автобус жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті Оқиға

Атырауда автобус жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті

Бүгін, 4 тамыз 59 жастағы жолаушылар автобусының жүргізушісі Құрманғазы көшесі бойында реттелмеген жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан 34 жастағы азаматшаны қағып құлатып, жол көлік оқиғасын жасаған. Бұл туралы Атырау қалалық полиция басқармасы хабарлайды. Бейнежазба 4 тамыз 2022, 16:37 1 670 рет қаралды