Атырау, 29 қыркүйек 08:36
 ашықВ Атырау +25
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

ҚАЖК Атбасардағы азаптау видеосына қатысты тергеу басталғанын хабарлады

880 просмотра

Ақмола облысы Атбасар қаласындағы қатаң режимдегі түрмеде түсірілген азаптау видеосына қатысты Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Әлеуметтік желіде жарияланған бейнежазбалар бойынша Ақмола облысы ҚАЖД мекемесі әкімшілігінің заңды талаптарға бағынбау фактілерінің жолын арнайы құралдарды қолдана отырып кесуі кезінде қызметкерлердің қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдалану белгілері байқалатынын хабарлаймыз.

Қазіргі уақытта осы факт бойынша қызметтік тергеу жүргізілуде, оның нәтижелері бойынша тиісті шешім қабылданады", – делінген хабарламада. 

Айта кетейік, журналист Вадим Курамшин Facebook желісінде Атбасар қаласындағы қатаң режимдегі түрмеде түсірілген азаптау видеосын жариялаған болатын. Видеода колония қызметкері тұтқынмен әңгімелесіп, оның дәретхана тазалаудан не үшін бас тартқанын анықтап сұраған. Сотталушы дәретханадан басқа барлық үй-жайды жууға дайынмын деп жауап берген. Содан кейін формадағы офицерлер тұтқынды құлатып, офицерлердің бірі оны дубинкамен ұрып-соққан. 

4 қыркүйек 2023, 15:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.