Атырау, 29 қыркүйек 08:37
 ашықВ Атырау +25
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Қазақстан аумағында АҚШ өнеркәсіп және қауіпсіздік бюросының сайты жабылды

489 просмотра

Қазақстан аумағында АҚШ сауда министрлігіне қарасты өнеркәсіп және қауіпсіздік бюросының сайты жабылды, деп хабарлады ҚазТАГ сайты.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурстардың ашық-жабықтығын тексеретін парақшасында https://www.bis.doc.gov сайты "жалған ақпарат таратқаны үшін" жабылғаны жазылған. Нақты қандай "ақпарат таратқаны" айтылмаған.

Оқиғаға түсініктеме берген Қазақстан мәдениет және ақпарат министрлігі ведомство "ақпарат кеңістігіне Қазақстан заңнамасының сақталуы бойынша тұрақты түрде мониторинг", "фишинг жасайтын интернет-ресурстарды анықтау жұмыстары" жүргізіліп отыратынын алға тартқан.

"Биыл 26 сәуірде 21 фишингтік ресурсқа, арасында bis.doc.gov сайты да бар, тиісті ұйғарымды орындау туралы хабарлама жіберілді" деп хабарлады Қазақстан мәдениет және ақпарат министрлігі. Оның хабарламасынан Orda.kz сайты үзінді келтіреді.

Бұған дейін қазақстандық ақпарат құралдары "аталған сайттың жабылуына Қазақстан Ресейге санкцияны айналып өткені үшін көмектесті деген ақпараттың жариялауы түрткі болды" деп жазған. Ведомство хабарламасында мұны жоққа шығарған.

Министрліктің хабарлауынша, "қосымша тексеріс жүргізіліп, заңбұзушылық расталмаса, сайт қайта ашылуы мүмкін".

4 қыркүйек 2023, 09:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.