Махамбет ауылында ауылішілік жолдардың құрылысы жүруде.
- Махамбет ауылында ауылішілік жол құрылысы осы жылдың шілде айында басталған болатын. Олардың жалпы ұзындығы – 11,2 шақырым, - дейді аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобильдер жолдары бөлімінің басшысы Сырымбет КЕНЖЕБАЕВ. - Биыл 500 млн теңге қаржы бөлініп, «Шаттық» ықшамауданындағы орналасқан К.Бәйсейітова және Ш.Айманов көшелеріне тас жол салу жұмыстары аяқталды. Енді «Мерей» ықшамауданының Әбілхайыр хан және Қ.Смағұлов көшелеріне, «Жасыл белдеу» ықшам ауданының М.Мөңкеұлы, А.Оңайбаев көшелеріне жол төсеу жұмыстары жүріп жатыр. Жобаның мердігері – «Толағай 20/50» ЖШС. Құрылыс жұмыстарының ұзақтығы 19 ай. Жобаның жалпы құны - 2 млрд 488 млн теңге.
- Жолдың жоқтығынан жұмысқа қатынау және балаларды мектепке апару қиындық туғызып келген еді. Әсіресе жаңбыр жауған кезде қатты қиналатынбыз. Жаңбырлы күндері көлігімізді басты жолдың жиегіне қойып, резіңке етікпен үйге дейін қатынап келген едік. Енді міне көшемізге жол түсіп, қуанып жатырмыз, - деді аудан тұрғыны Руслан ЕМЕНОВ.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА