Атырау, 27 қараша 09:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Қазақстан мен Қытай «Кеңқияқ – Атырау» және «Кеңқияқ – Құмкөл» мұнай құбырларын кеңейту мәселесін талқылады

1 161 просмотра

«ҚазТрансОйл» АҚ басшылығы Бейжіңде жұмыс сапарымен болып, онда қытайлық қатысушы – Қытай ұлттық мұнай және газ барлау және игеру компаниясы (China National Oil and Gas Exploration and Development Company Ltd.) мен CNPC Exploration and Development Company Ltd. өкілі Мэн Сяндун мырзамен кездесті.

Кездесуде тараптар «СБҚК МұнайТас» ЖШС мен «Қазақстан-Қытай құбыры» ЖШС бірлескен кәсіпорындарын басқару аясындағы ынтымақтастық мәселесін, атап айтқанда, Кеңқияқ-Атырау және Кеңқияқ-Құмкөл магистральдық мұнай құбырын кеңейту жобасын жүзеге асыру мәселелерін талқылады.

Тараптар екі елдің стратегиялық және ұзақ мерзімді мүддесін ескере отырып, бірлескен кәсіпорындарды басқару аясында Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы екіжақты қарым-қатынасты одан әрі дамыту мен нығайтуға бейілділігін растады.

Жомарт ӘМІРХАНОВ 

Анықтама үшін:
«ҚазТрансОйл» АҚ Қазақстан Республикасының магистральдық мұнай құбыры бойынша ұлттық операторы болып табылады. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тобына кіреді. Ұзындығы 5,4 мың км болатын магистральдық мұнай құбырларының әртараптандырылған желісіне иелік етеді.
«Қазақстан-Қытай құбыры» ЖШС – «ҚазТрансОйл» АҚ (50%) мен China National Oil and Gas Exploration and Development Company Ltd арасындағы бірлескен кәсіпорын. (50%), «Кеңқияқ-Құмкөл» және «Атасу – Алашаңқай» магистральдық мұнай құбырларына иелік етеді.
«МұнайТас СБҚК» ЖШС – «ҚазТрансОйл» АҚ (51%) мен CNPC Exploration and Development Company Ltd (49%) арасындағы Кеңқияқ-Атырау магистральдық мұнай құбырын жобалау, қаржыландыру, салу және пайдалану жобасын іске асыру мақсатында құрылған бірлескен кәсіпорын.
4 қыркүйек 2023, 21:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.