Атырау, 29 қыркүйек 08:30
 ашықВ Атырау +25
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Ресей жексенбіге қараған түні Одесса облысына дронмен соққы жасады

389 просмотра

Жексенбіге қараған түні Ресей әскері Одесса облысына дрондармен жаппай соққы жасады. Украина әуе-әскери күштерінің хабарлауынша, шабуылға ирандық 25 "Шахед" дроны атсалысқан. 22-ін әуе қорғанысы атып түсірген.

Одессаның оңтүстігіндегі порттардың біріне дрон түсіп, инфрақұрылым қираған. Түскен жерден өрт шығып артынша сөндірілген. Екі бейбіт тұрғын зардап шеккен, оларға медициналық көмек көрсетілген, деп хабарлайды Азаттық Радиосы.

Облыстардың әскери әкімшіліктері де түнде атқылау болғанын хабарлады. Олардың мәліметінше, Херсон облысында бір адам қаза болған, алты адам жараланған. Донецк облысында өткен тәулікте екі бейбіт тұрғын опат болған, екі адам жараланған.

  • Ресей Украинаны күн сайын атқылап жатыр. Ресей қорғаныс министрлігі әскери нысандарға ғана соққы жасайтынын айтады. Бейбіт азаматтардың қаза болуы және азаматтық инфрақұрылымдардың қирағаны туралы мәліметке Ресей билігі түсініктеме бермейді.


4 қыркүйек 2023, 09:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.