Атырау, 14 қаңтар 01:23
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 509.75
€ 594.67
₽ 6.46

Алматыда заңсыз жүрген Тәжікстан мен Өзбекстанның 30 азаматы елден шығарылды

449 рет қаралды

Тәжікстан мен Өзбекстанның 30 азаматы ҚР-ның көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін елден шығарылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Полиция қызметкерлері «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы барысында заңсыз жүргендерді анықтады.

«Қалада іс-шараның 18 күнінің ішінде еліміздің көші-қон заңнамасын бұзған 2 380 адам анықталды, олардың 813-і шетелдік азамат. Олар ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. ПД-ның қабылдап-таратуына жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ 387 шетел азаматы орналастырылды. Сонымен қатар шетелдіктердің Қазақстанда болуының заңдылығын қамтамасыз етпеген 349 азаматқа қатысты әкімшілік шара қолданылды», – деді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

Сондай-ақ полиция қызметкерлері жақында 30 құқық бұзушыны мемлекеттік шекараға жеткізуді ұйымдастырды. Осы мақсаттар үшін көп орындықты автобус қарастырылған. Олар «Жібек жолы» бақылау-өткізу бекетінде мемлекеттік шекараға дейін жеткізілді.

4 қыркүйек 2023, 09:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.