Атырау, 29 қыркүйек 08:32
 ашықВ Атырау +25
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Синоптиктер 12 өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады

471 просмотра

«Қазгидромет» РМК 5 қыркүйекте Астанада және Қазақстанның 11 облысы бойынша қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Астанада түнде және таңертең тұман түседі деп болжанады.

Атырау облысының батысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні - 15-20 м/с. Облыстың солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысының батысында да төтенше өрт қаупі сақталады. 

Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай ойнап, бұршақ түсуі ықтимал. Өңірдің оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аймақтарында солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады. Таразда да төтенше өрт қаупі сақталады. 

Батыс Қазақстан облысының орталығында, оңтүстігінде өрт қаупі жоғары. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Орал қаласында да төтенше өрт қаупі сақталады. 

Түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстігінде, батысында, шығысында тұман түседі. Облыстың солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауады. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түсуі ықтимал. Облыстың солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Петропавлда найзағай ойнайды. Түнде солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Павлодар облысының шығысында найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні - 15-20 м/с. Павлодар облысының оңтүстігінде өрт қаупі жоғары. Павлодарда түнде және таңертең найзағай ойнауы ықтимал. Солтүстік-батыстан соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауады. Облыстың оңтүстігінде өрт қаупі жоғары. Қарағандыда найзағай ойнауы мүмкін. 

Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде өрт қаупі жоғары.

Түнде және таңертең Ұлытау облысының солтүстігінде тұман түседі. Облыстың оңтүстігінде өрт қаупі жоғары.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түсуі ықтимал.

5 қыркүйек 2023, 09:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.