Атырау, 20 мамыр 06:15
 ашықВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Барлық жаңалықтар

«Жұбағаң мені терезеден лақтырып жібере жаздаған еді» Мәдениет

«Жұбағаң мені терезеден лақтырып жібере жаздаған еді»

Ата-бабасы Еділ-Жайықта, өзі қарт Қаратаудың Жон жайлауында туған қазақтың біртуар композиторы Илья Жақанов бүгінде атакүлдігі Атырауда тұрып жатыр. Тағдырдың желі айдап, атамекеннен ауа көшкен бабасы бұл жаққа қайтып оралмады. Оның есесіне олардың орнын Ілағаң толтырды. Толтырды дегенде, біз оның Атырауға қоныс аударғанын ғана айтып отырған жоқпыз, ең бастысы, ол осыдан тура 30 жыл бұрын, тап осындай қазан айында «Еділ мен Жайық» атты өлмес әнді өмірге әкелді. Ал бұл әннің тарихы өте қызық. 13 қазан 2011, 11:02 7 939 просмотра
Маңғыстаулықтар Брюссельге барды Саясат

Маңғыстаулықтар Брюссельге барды

Маңғыстау облысындағы мұнайшылар ереуілі әлі жалғасып жатыр. Өткен жексенбіде ереуілдеген жаңаөзендік мұнайшы қызға травматикалық пистолеттен оқ атылды. «Қазмұнайгаз» жұмыстан шығарылғандарды кері алмайтынын жария етті.  13 қазан 2011, 18:23 2 955 просмотра
Коммунистерге тыйым салынды Саясат

Коммунистерге тыйым салынды

Алматы ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен Қазақстанның коммунистік партиясының қызметі тоқтатылды. ҚКП-ның көшбасшысы Ғазиз Алдамжаров мұны алдағы (шамамен келесі жылдың ақпан айында) мәжіліс сайлауымен байланыстырып отыр. 13 қазан 2011, 18:24 2 581 просмотра
«Біз қазақ халқының алдында әрдайым қарыздармыз» Мәдениет

«Біз қазақ халқының алдында әрдайым қарыздармыз»

Өткен аптада Атырауда корей халқының мәдени күндері ерекше аталып өтілді. Ерекше дейтініміз, биыл Атыраудағы «Тхоньил» корей этномәдени орталығының құрылғанына 20 жыл. Қазақ елінің тәуелсіздігінің мерейтой қарсаңына тұспа-тұс келген айтулы күнге корейліктер республиканың әр аймағынан жиналды. 13 қазан 2011, 17:05 7 180 просмотра
Сөзге шешен министр Атырауды майын тамызып мақтады Саясат

Сөзге шешен министр Атырауды майын тамызып мақтады

Дүйсенбі күні «Атырау» мәдениет орталығында облыстық әкімдіктің активі болып өтті. Мәдениет министрі Мұхтар ҚҰЛ-МҰХАММЕД АҚШ-тың негізін салғандарды, Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫ және Сұлтан БЕЙБАРЫСТЫ сөзге араластыра, көсілте сөйледі. 12 қазан 2011, 18:15 4 431 просмотра
Қару асынған балықшы Қоғам

Қару асынған балықшы

Атырауда суасты аңшыларының қоғамдастығы бар деп кім ойлаған. Қоғам мүшелері өзара тәжірибе бөлісіп, суға бірге сүңгиді. Отбасыларымен ұнамды жерлерге шығып тұрады, олжаларымен мақтанады. Сіздерді олардың ішіндегі ең тәжірибелісі Георгий РАДЧЕНКОМЕН таныстырайын. 12 қазан 2011, 17:51 2 756 просмотра
Қоғам

«Бір сағатқа күйеу керек»

Үйде ер адам болмаса электр нүктесін жөндеу, су кеткен кранды немесе батареяны жамау, лампаны бұраудың өзі проблемаға айналады. Шеберлерді жеке-жеке шақыру да әбігер әрі тиімсіз. Әйелдердің осы сұранысына арналғандай, газеттерде «Муж на час» деген хабарламалар пайда бола бастапты. 12 қазан 2011, 18:54 4 667 просмотра
Жеке балабақшалар ақысы: Атырауда - 70 мың, Ақтөбеде - 20 мың Қоғам

Жеке балабақшалар ақысы: Атырауда - 70 мың, Ақтөбеде - 20 мың

Бізге үйреншікті балабақшалар – ұзын-сонар кезек пен лық толған топтардан тұрады. Ал жеке балабақшалардың жағдайы анағұрлым жақсы. Топтағы балалар саны 15-20-дан аспайды. Олармен логопедтер, психологтар, хореографтар айналысады, оларға ағылшын тілін үйретеді. Одан басқа, заманауи ойыншықтар, қолайлы балалар керуеті (жиналмалы керуеттің орнына) және ешкіммен бөліспейтін киім салатын шкафтар бар. 12 қазан 2011, 18:26 12 045 просмотра
Табиғат тағылықпен тапталуда Экология

Табиғат тағылықпен тапталуда

Табиғатқа тағылық жасау Индербор поселкесінде де орын алып отыр. Поселкеде тазалықпен айналысатын бірден бір мекеме  «Индер Келбет» ЖШС  өткен жарты жылдықта 1296 тонна тұрмыстық қатты қалдықтарды рұқсатсыз шығарған. 12 қазан 2011, 18:33 8 820 просмотра
Басқа жаңалықтар

Қысқа қайырғанда

Қазақстанның судан құтқару қызметі 8 қазанда өзінің он бес жылдық мерейтойын атап өтті. Атырау судан құтқару қызметінің бастығы Ершат Қибашевтың айтуынша, мерекені біздің қаламызда да атап өтіпті. «Біз өз қызметкерлеріміз арасында сайыстар ұйымдастырдық. Құтқарушылар ұзақ қашықтыққа жүгіріп, ескек қайық жарысына қатысты. Кім жеңді дейсіз бе? Әрине, достық жеңді». Мереке соңында ерекшеленгендер құрмет грамоталарымен және естелік сыйлықтармен марапатталған. 12 қазан 2011, 18:08 1 936 просмотра