Қалалық билік Нұрсаядағы тұрғын үй кешендерінің іргеқабаттарындағы (цокольные этажи) қараусыз қалған орынжайларды лайықты қолдану шешімін тапты.
БАСҚАЛАР ЖОҚ, БІРЕУЛЕРІ АЛЫСТА
Иесіз іргеқабаттар көп жылдан бері осы үйлердің тұрғындарын алаңдатып келеді: сынған терезе әйнектері, қоқыстардың көп жылдап жиналуы, бомждардың арақ ішіп, мекен етуі... Мұндай көршілестік тұрбалары іргеқабаттардан жүргізілген коммуникацияның жағдайы үшін қауіп туғызған еді.
Осы орынжайларды игеру проблемасы билікке «мұраға қалды» - үйлерге тапсырыс беруші Бергей РЫСҚАЛИЕВТЫҢ кезінде облыстық әкімдік болатын. Құрылыс келісімшартына іргеқабаттарды мердігерлердің меншігіне беру туралы тармақ қосылды. Осылайша, «СнабОйлСтрой», «МұнайҚұрылысСервис», «ҚұрманҚұрылыс», «ЮконБизнесГруп» компаниялары 2008-2012 жылдардағы кезеңде тапсырылған көппәтерлі 62 үйдің цоколді қабаттарының қожайындарына айналды. Содан соң әкімді орнынан түсіріп, ол қашып кетті. Ал онымен бірге осы мердігер компания басшыларының бір бөлігі де кетті. Яғни, қазір формальды түрде көптеген үйлердің иесіз іргеқабаттарын ұстау жөнінде талаптарды қоятын ешкім жоқ. Тек олардың бір бөлігі ғана мемлекет меншігіне қайтарылған – 8 үйдегі цокол алаңдарын «ҚұрманҚұрылыс» компаниясы түрлі деректер бойынша тарту еткен немесе сот шешімімен қайтарған. Қалалық ТКШ бөлімінің коммуналдық меншігінде қазір 10 үйдің есепте тұрғанына сүйенсек, басқа меншік иелерінің де қайтару фактісі бар. Алайда нақты мәліметті табу оңай шаруа болмады. Бір бөлігі - қожайындары әлі қашып жүрген және іздеу жарияланған компанияның меншігінде, бір бөлігі қайта сатылған... Тіпті, осы ауданға қызмет көрсететін (бар болғаны көппәтерлі 84 үй) «Тұрғын үйлерге коммуналдық қызмет көрсету» ЖШС-не, оның қызметкерлерінің бірі мойындағандай, тіркеу органдары оның қожайындары туралы толық ақпарат бермей отыр екен.
СПОРТ ҮЙІРМЕЛЕРІ, МУЗЕЙ, ДӘРІХАНА
Сонымен, бүгінде қалалық қаржы бөлімі өз балансына берілген 6 үйдің іргеқабаты алаңдарына және қалалық білім бөлімі 4 іргеқабатқа заңды түрде билік ете алады.
Қалалық қаржы бөлімі бүкіл заңдылықтарды реттеп, алаңдарды игеруге кірісті. Басшысы Шыңғыс АРЫСТАНОВТЫҢ айтуынша, жалдау бағасы арзан, алайда қожайын шарт қояды: жөндеуді жалға алушының өзі жасайды.
Бұл орынжайда бұрын тек әрлеудің бастапқы түрі ғана болғанын ескерсек, біраз шығындарды қажет етеді. Сонымен қатар, ол ұзақ жылдар бойына күтім жасалмай, лайықты ұсталмады. Алайда ниет білдірушілер жетерлік, сондықтан басымдықтар мен жеңілдіктер профильдік қызмет ретінде балалар үшін қолжетімді бағамен білім беру және спорт қызметтерін таңдаушыларға беріледі. Осы принцип бойынша іріктеуден: «Амд партс» ЖК (50 ш. м): ағылшын тілі курстары; «Атырау облыстық “Намыс" кёкушинкай каратэ-до федерациясы» ҚБ (215 ш. м): спорт секциялары, жаттығу залы іріктеуден өтті.
№16 үйдің бүкіл цоколді қабаты (443,9 ш. м) облыстық каратэ-до федерациясының электронды тендері арқылы түрлі спорт секциялары үшін спорт залдарына жалға берілді. №20 үйдің цоколі «Атырау облысының Ауғанстан ардагерлері одағы» ҚБ-не (тендер арқылы) сенімді басқаруға берілді. «Ауғандықтар» өз кеңсесі мен музейден бөлек балалар үшін оқыту курстарын ашуды жоспарлап отыр. №15 үй «Құрманғазы» МҮ балансына қойма ретінде берілді; №17 үй №1 емхана филиалын ашу үшін денсаулық сақтау басқармасының балансына берілді. Нұрсая тұрғындары осы емханаға бекітілген, енді орталыққа баруға тура келмейді. №11 үй «Тұрғын үйлерге коммуналдық қызмет көрсету» (ТҮКҚК) ЖШС-не кеңсе үшін берілген. ТҮКҚК жөндеуге кірісіп кетті және таяу уақытта жаңа орынжайға көшіп алуды жоспарлап отыр. Осы үйлерге қызмет көрсететін ЖШС құзырына 800-ден астам шаршы метр кіреді.
- Біз 84 үйге қызмет көрсетеміз, бұл 20 мыңнан астам абонент, - дейді ТҮКҚК директоры Зұлхаш НАУБЕКОВ. - Бұл жерде ТҮКҚК абоненттері үшін ХҚКӨ-дағыдай «бір терезе» принципі бойынша қызмет көрсетудің терезе жүйесі болады. Біздің аудан тұрғындары бұл жерден бүкіл коммуналдық қызметтерді, соның ішінде телефон қызметін төлей алады. Бұдан басқа, бұл жерде ТҮКҚК кеңсесі, диспетчерлік бөлім және конференц-зал қарастырылған: біз зейнеткерлерге бас қосып, үстел ойындарын ойнап, тілдесе алатын кабинет ашқымыз келеді. Бұл орынжайды шартты түрде «ақсақалдар кеңесі» деп атадық. Сонымен қатар, «Арнаулы автобаза» қызметкерлеріне өз жұмыс жабдықтарын сақтайтын орын болу үшін шағын орынжай қарастырылған. ТҮКҚК жөндеу жұмыстарын өз абоненттерімен келісіп, өз қаржысы есебінен жүргізуде.
Бірнеше коммерциялық нүктелер де бар – №13 үйден 90 ш. метрдей алаңды дәріханасымен және сұлулық салонымен «Өркен и Ко» ЖШС электронды тендермен жеңіп алды.
«Қалалық білім беру бөлімі» ММ балансындағы Нұрсая ықшамауданындағы (№№ 4, 6, 7, 8 үйдің) және Алмагүл ықшамауданындағы (№28 үйдің) цоколді қабаттар 2016 жылдың 2 тамызында өтетін gosreestr.kz сайтында электронды тендерге шығарылады.
Зульфия БАЙНЕКЕЕВА
Суретті түсірген автор