Атырау, 5 желтоқсан 10:47
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Спорт жаңалықтары

1 757 рет қаралды

Семей қаласында 2005-06 ж.т. ұлдар арасында «Coca-Cola Былғары Доп» турнирі аяқталды.

Біздің өңірден жарысқа Құлсары қаласындағы №9 А.Макаренко атындағы мектептің командасы қатысты. Ойынның алғашқы кезеңінде команда өз тобының ішінен Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарының командаларынан басым және Алматы облысының командасымен тең түсіп, 1-ші орынды жеңіп алды. Жартылай финалда атыраулықтар алматылықтарды шаң қаптырды (3:1), ал, финалда Қарағандыдан келген командамен кездесті. Матчтың негізгі бөлігі 1:1 есеппен тең болды. Ал матчтан кейінгі пенальти сериясында қарағандылықтар үздік болды (6:5). Турнирдің ең үздік шабуылшысы атыраулық ойыншы Наурызбек Амандықов болды.

***

Өткен жексенбі күндері «Геолог» спорт кешенінде осы жылдың қаңтар айында Батыс Қазақстан облысының аумағында жол көлік апатынан қаза болған бір отбасының мүшелері – Б. Төлегенов, Р. Қисметов, А. Ринатқызы және Д. Қожахметоваларды еске алу құрметіне орай шағын футболдан турнир өтті.

Алдымен өмірден өткен жандарға бағыштап дұға оқылды. Жарысқа 10 команда қатысты: «Ағайындар», «Кикбоксинг ардагерлері», «Кикбоксерлер», «Ақжелкен», «Алтынсарин», «Матен Петролеум», ЕSS, №5 мектептің түлектері, «Ринаттың достары», «Бағдаттың достары». Алдымен бұл командалар екі топ болып ойнады, кейін жартылай финалда «Ағайындар» ЕSS командасын 3:2 есеппен жеңіп кетті, ал «Алтынсарин» «Матен Петролеум» командасын 2:1 есеппен ұтты. Екі кездесудегі жеңімпаз командалар матчтан кейінгі пенальти сериясында бақ сынады. Финалда «Алтынсарин» «Ағайындардан» 5:3 есебімен басым түсті, 3-ші орын үшін болған матчта «Матен Петролеум» ЕSS командасын жеңіп кетті, есеп 5:4 болды. Турнирді ұйымдастырушылар демеуші болған «Матен Петролеум» ЖШС басшылығына және ЕSS компаниясының өкілі Марал Көшеновке алғыс білдіреді.

28 шілде 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.