Атырау, 12 қазан 03:28
 ашықВ Атырау +9
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Қостанай облысында болған ірі жол апатынан ресейлік екі азамат қаза тапты

2 592 просмотра

Фото: ҚР ІІМҚостанай облысының Қарабалық ауданындағы Алматы - Екатеринбург тас жолында болған жантүршігерлік жол апатынан үш қазақстандық азамат пен екі ресейлік азамат қаза тапты. Ал тағы бір қаза тапқан адамның кім екені анықталып жатыр. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов хабарлады.

Оның айтуынша, ірі жол апаты 27 шілдеде жергілікті уақыт бойынша 18.00-де ресейлік шекараның маңында болған. Iveco Magirus автомобилі Қостанайдан Ресеймен шекараға келе жатып, қарсы бағыттағы жолға шығып кеткен, сөйтіп ол Kia Granbird рейс автобусымен соғысқан.

Автобуста 44 жолаушы мен 2 жүргізуші болған. Жол апатының салдарынан алты адам қаза тапты. Олардың бірі 12 жастағы бала. Ал зардап шеккендердің саны - 31. Олардың екеуі кішкентай бала, 28 жолаушы, екі автобус жүргізушісі мен жүк көлігінің жүргізушісі. Оқиға орнынан 37 адам эвакуацияланып, 10 адам жол-жөнекей көліктермен кетті. Медициналық көмекке мұқтаж емес 17 азаматтар ауруханадан үйлеріне жеткізілді. Ал сегіз адам арнайы көлікпен Қостанай облыстық ауруханаға жеткізілді.

Айта кетейік, оқиға орнында ТЖД қызметкерлері, прокуратура өкілдері, полиция қызметкерлері мен облыстың денсаулық сақтау басқармасындағылар болды. "Моральдық-психологиялық көмек көрсету мақсатында жол апатынан зардап шеккендерге, қаза тапқандардың туыстарына психологтар қажетті көмекті көрсетіп жатыр. Жедел желі де жұмыс істейді: (8 714 2 50-36-24). 41 хабарлама келіп түсті. Жедел желі жұмысын жалғастырады. Қазіргі уақытта Қарабалық аудандық ортадыө ауруханада ТЖД психологтары жұмыс жасап жатыр. Айта кетейік, ауруханада 12 азаматқа психологиялық көмек көрсетіліп жатыр", - деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК өкілдері. Осы дерек бойынша жедел-тергеу шаралаы жүріп жатыр.

Еске салайық, кеше 27 шілдеде Қостанай облысында болған жантүршігерлік жол апатынан алты адам қаза тапты.

Дереккөз:Tengrinews.kz

28 шілде 2016, 10:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.