Атырау, 25 қыркүйек 17:58
 дождьВ Атырау +26.8
$ 441.89
€ 502.56
₽ 5.19

Маңғыстаудағы қайғылы оқиға: Құрылтай қаза тапқандардың отбасыларына материалдық көмек көрсетуде

59 рет қаралды
Сурет:  Quryltai
Сурет: Quryltai

Құрылтай депутаттары Маңғыстау облысындағы әскери оқу-жаттығу кезінде қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасына көмек көрсету үшін өз қаражаттарынан 146,6 миллион теңгеден астам ақша жинады. Жиналған қаражат «Ұлттық рух» қорына бағытталады, сонымен бірге қаражат жинау әлі де жалғасып жатыр.

Құрылтай Бюросының отырысы бір минут үнсіздікпен басталды. Құрылтай төрағасы Айбек Дәдебай Мемлекет басшысының шешімімен 25 қыркүйек Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланғанын еске салып, қаза тапқандардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

«Маңғыстау облысында қызметтік міндеттерін атқару кезінде әскери қызметшілердің қаза болуы – бүкіл халқымыз үшін үлкен қайғы. Осыған байланысты Мемлекет басшысы 25 қыркүйекті жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады. Барлық депутаттардың атынан қаза тапқан азаматтардың отбасыларына көңіл айтамын. Бұл бәріміз үшін орны толмас қасірет», — деп атап өтті Айбек Дәдебай.

Қаражатты ерікті түрде жинауға Құрылтай депутаттары қатысты. Атап айтқанда,  Айдарбек Қожаназаров, Руслан Идрисов, Мейірхат Қасымбаев, Бекжан Айтқұлов, Махамбет Хасенов әрқайсысы 20 млн теңгеден, Дана Медеуова, Айжан Наимбекова және Бауыржан Жамалов әрқайсысы 10 млн теңгеден, Тұрарбек Тілемісов, Мұратбек Мұхамбедиев, Мұса Хайруллиев әрқайсысы 5 млн теңгеден, Бегалы Ералиев 500 мың теңге, сондай-ақ Құрылтайдың басқа да мүшелері қаражат қосты.

Бүгін, 17:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.