
Қазақстанның Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов қаза тапқан әскери қызметшілердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатқанын, ал кінәлілер заң бойынша жауапқа тартылатынын мәлімдеді.
«Өз атымнан, Қорғаныс министрлігі және Қарулы Күштердің бүкіл жеке құрамының атынан қаза тапқан әскери қызметшілердің туған-туыстары мен жақындарына қайғырып, көңіл айтамын. Отбасылардың қайғысын түсінемін. Қоғамның бізге қойып отырған сұрақтарын да түсінемін. Біз жауапкершіліктен жалтармаймыз. Ата-аналардың өз ұлдарын сеніп тапсырғанын, ал бүгін орны толмас қазаға ұшырап отырғанын жеткізу маған да ауыр тиіп отыр», — деді министр.
Оның айтуынша, қазір оқиғаның барлық мән-жайы мен себептері анықталуда.
«Кінәлі тұлғалар заңға сәйкес жауапқа тартылады», — деп атап өтті Қосанов.
Министр сондай-ақ ведомство өкілдері қаза тапқандардың отбасыларымен тұрақты байланыста екенін және оларға қажетті көмек пен қолдау көрсетіп жатқанын хабарлады.
«Біз қаза тапқан әскери қызметшілер, олардың отбасылары мен қоғам алдындағы міндетімізді түсінеміз. Арыстай ұлдарынан айырылған әр отбасының қайғысына ортақпын. Әскери борышын өтеу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілеріміздің жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын», — деді Қорғаныс ведомствосының басшысы.
В Атырау +26.8