Атырау, 25 қыркүйек 20:58
 дождьВ Атырау +22.9
$ 441.89
€ 502.56
₽ 5.19

Атырау тұрғыны Toyota Hilux көлігін жалға беріп, көлігінен айырылды: сақтандыру компаниясы төлем жасаудан бас тартты

80 рет қаралды

Жаңа сатып алынған жол талғамайтын көлік бір айдан кейін ғайып болды: оны жалға алған адам қайтып оралмады.

Алексей Герук 2025 жылғы Toyota Hilux көлігін 27 млн 390 мың теңгеге сатып алған. Құнының бір бөлігін өзі төлеп, қалғанын Toyota Financial Services Kazakhstan арқылы несиеге рәсімдеген. Жұмыстан шыққан соң ол көлікті жалға беруді шешіп, OLX сайтына хабарландыру орналастырған.

Ерлан есімді ер адам өзін Атыраудағы жеке кәсіпкерліктің қызметкері ретінде таныстырып, хабарландыру арөылы хабараласқан. Геруктың айтуынша, тараптар жалға беру келісімшартын жасап, алдын ала төлем берілгеннен кейін ол көлікті сол адамға тапсырған.

Алайда бірнеше күннен соң күдік туындаған. Алексей компания кеңсесіне өзі барып, жағдайды нақтыламақ болған. Оның сөзінше, директор бұл Toyota көлігіне қатысты жалға беру келісімшарты жасалмағанын айтқан. Сонымен бірге, құжаттағы қолтаңба мен мөрдің шынымен өзіне тиесілі екенін мойындаған.

Осы уақытқа дейін көлікті алған адаммен байланыс орнату мүмкін болмаған. Телефонға жауап бермеген, онымен бірге Toyota да ғайып болған.

Герук полицияға жүгініп, алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оның өзі ресми түрде жәбірленуші деп танылған. Бірнеше ай өтсе де, көлік те, оны алған ер адам да табылмады. Toyota әлі де Алексейдің атына тіркелген күйінде тұр.

Геруктің айтуынша, тергеу барысында күтпеген жайт анықталған: осы схеманың ұйымдастырушысы деп санаған адам сол кезеңде Атырау облысы бойынша ҚАЖД-нің №15 мекемесінде отырған.

Қазір іс сотта қаралып жатыр. Бірақ көлікпен бірге несие жоғалмады. Алексей бірнеше ғана төлем жасап үлгергендіктен, қалған қарыздың басым бөлігі әлі төленуі тиіс. Тергеу аяқталғанша төлемдерді тоқтату туралы өтінішті полиция да, кейін өзі де бергенімен, Toyota Financial Services оған жеңілдік бермеген.

Жалғыз үміт КАСКО болған. Toyota толық құнына сақтандырылған еді, алайда мұнда да Герукқа төлем жасаудан бас тартқан. 

«Халық» сақтандыру компаниясы көлікті жалға беру фактісіне байланысты шарттарға сүйенген. Алексейдің айтуынша, оған көлікті басқа адамға берген жағдайда бұл туралы сақтандырушыны алдын ала хабардар ету және сол адамның деректерін полиске енгізу қажет екені түсіндірілген.

Геруктің пікірінше, мұндай ұстаным болған жағдайды ескермей отыр. Оның айтуынша, бұл қарапайым жалға беру емес, иесі сеніп тапсырған көлікті жалға алушы жоғалтып немесе бүлдіріп алған жағдайға жатпайды. Ер адам көлікті жалға алушы ретінде көрініп, ал шын мәнінде оны иемдену үшін алаяқтық схема қолданған.

Сондықтан негізгі дау мынада: көлікті жалға беру фактісін сақтандыру төлемінен бас тартуға негіз ретінде қарастыруға бола ма, әлде ол бастапқыдан-ақ көлікті заңсыз иемдену жоспарының бір бөлігі болғандықтан, сақтандыру төлемі жасалуы тиіс пе.

Алексейдің айтуынша, мәселені шешу әзірге мүмкін болмаған: Toyota-орталық оны сақтандыру компаниясына бағыттаса, «Халық» қайтадан Toyota-ға жіберген, осылайша ол бұл жолды төрт рет жүріп өткен.

Сонымен қатар ол басқа көлік иелерінің де Toyota-орталық арқылы рәсімделген КАСКО сақтандыруында қиындықтарға тап болғанын біледі. Алайда жаңа көліктің жоғалуы сияқты жағдай компания үшін де тосын әрі ерекше оқиға болып шыққан.

Алексейдің айтуынша, мұндай жағдайға компаниялар бұрын тап болмаған, сондықтан бұл іс прецедент болып отыр. Енді ол сақтандыру компаниясына қарсы жеке сот ісін қозғап, КАСКО бойынша төлемді талап етпек. Бұл дау оның үшін тек қаржы мәселесі емес: сот қарапайым жалға беру жағдайы ма, әлде алаяқтық схема арқылы көлікті иемдену әрекеті ме дегенді анықтауы тиіс.

- Маған мұндай жағдайға бұрын тап болмағандарын айтады. Демек, бұл прецедент болып тұр, — дейді Алексей.

Алексей енді сақтандыру компаниясына қарсы жеке сот ісін қозғауды жоспарлап отыр. Ол КАСКО бойынша төлемді талап етпек. Бұл дау ол үшін тек қаржы мәселесі емес: сот мұны көлікті қарапайым жалға беру жағдайы ма, әлде жалға алушы болып көрінген адамның көлікті иемдену үшін жасаған алаяқтық әрекеті ме дегенді анықтауы тиіс.

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

Сурет А. Геруктікі

Бүгін, 19:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.