Атырау, 12 қазан 03:19
 ашықВ Атырау +9
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Алматыда жоғалып кеткен Сафар Шәкеевтің мәйіті табылды

2 585 просмотра

Фото: Tengrinews.kzФото: Tengrinews.kzФото: Tengrinews.kzФото: Tengrinews.kzФото: Tengrinews.kz

Алматыда жоғалып кеткен Сафар Шәкеевтің мәйіті табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбекке сілтеме жасап.

Мәйіт шамамен 11.00-де табылған. Денені сүңгуірлер алып шықты. Оқиға орнында ТЖ, полиция және жедел жәрдем қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Оның киімінде құжаттары табылған. Оның өлімінің себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама жүргізіліп жатыр.

Полициядағылардың айтуынша, іздестіру жұмыстары әл-Фараби даңғылының маңында ғана емес, қала бойында жүргізілген. Соңғы рет оны әл-Фараби даңғылындағы "Казкоммерцбанк" орталық бөлімшесінде таңғы сағат 7.00-де көргендер бар. Сафар Шәкеев қызғылт түсті футболка мен көк джинс киген. 1991 жылғы Сафар Шәкеевтің із-түссіз жоғалғаны туралы хабар Медеу аудандық ішкі істер басқармасына 2016 жылдың 16 шілдесінде сағат 22.00-де түскен.

Сафарды іздестіру жұмыстарына еріктілер қосылған еді.

Дереккөз: Tengrinews.kz


28 шілде 2016, 12:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.