Атырау облысының ТЖ департаменті хабарлағандай, 27 шілде күні кешке Жұмыскер ауылының маңында Жайық өзеніне 14 жастағы жасөспірім суға батып кеткен.
Бала достарымен бірге «кемелер зираты» атанған жерде шомылып жүрген. Бұл Жұмыскер – Балықшы көпірінің маңы. Сүңгуірлер денені судан бір сағаттан соң шығарып, туыстарына берген.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
28 шілде 2016, 11:10