Атырау, 28 қараша 18:39
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Бір жылға созылған жанжал

3 331 просмотра

Image 0

Бір жылдан бері туроператор Виктория ЮЖАКОВА үшін түсініксіз заң әлеміне саяхаты жалғасып келеді. Бизнес серігінің алақолдығы салдарынан оның мойнына жалпы сомасы 28,3 миллион теңге қарыз ілінді. Алайда сақтандыру компаниясы келісімшартта жазылған міндеттемесін орындамай отыр.

ЖИНАҚТАУШЫДАН СМС КЕЛДІ

Осы алапат жыл ішінде осынау нәзік әйел қоқан-лоқыны, ғажайып сот отырыстарын, өтірікті, ұйқысыздықты, онкологияны («қатерлі ісік – уайымнан болатын ауру» деп текке айтпайтын шығар)... бастан өткерді. Бөгденің «сызбасы» үшін есеп айырысуға оның ақшасы жоқ, сондықтан шоттарды әзірге өз денсаулығымен және өмірінің мәнімен өтеуде. Өйткені, әр күн сайын бөгде пәтерде жабырқап, қорқынышпен оянады (Виктория өзінің үлкен әрі қолайлы пәтерін жалға беруге мәжбүр болған). Бұл сүйікті ісіне беріле жұмыс жасап, талпынған өмірі емес еді.

Бәрі де өткен жылдың маусымында басталды. Туристік маусым қызған кезде кенет Қазақстандағы ірі туристік компаниялардың бірі Tengri Travelsystem өз жұмысын тоқтатты. 2015 жылдың 3 маусымында компания сайты жабылып қалды, телефондар жауап бермеді, елдің түкпір-түкпіріндегі зардап шегушілер оның кеңселерін «басып алды». Осынау атышулы жанжалға 4,5 мыңнан астам адам тартылды. Ал зиянның жалпы сомасы Қазақстан туристік агенттіктер қауымдастығының мәліметтері бойынша 5 миллиондай долларды құрады. Tengri Travelsystem-нің ондаған туристік серіктестері мен рейстерге жіберілмеген немесе түрік және еуропалық отельдерден шығарып жіберіп, көшеде қалған мыңдаған туристер зардап шекті. Жанжалдың ушыққаны сондай, тергеу ісі ІІМ бақылауына алынды.

Осы хикаядағы басты тұлға – Tengri Travelsystem бас директоры Роман ХАН – елден 3 маусымға қараған түні шығып кетіп, алматылық әуежайдың жинақтауышында отырып, серіктестеріне (олар 18 еді) қоштасу смс-терін жіберді. Ол Еуропаға ұшып бара жатты, алайда қайта оралып, бәрін қайтаруға уәде берді.

9 маусымда Ханға қатысты «Алаяқтық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. 19 маусымда оған халықаралық іздеу жарияланды, алайда, оны ешкім іздемеген де секілді. Оның қайда екенін іс жүзінде көпшілігі білді, соның ішінде тергеу органдарындағылар да бар шығар:

- Біз бәріміз оның Чехияда жылжымайтын мүлігі мен мекендеу қағазы бар екенін білеміз. Тіпті, оның қашан оралатынын, көші-қон заңнамасы бойынша мекендеу мерзімінің 90 күннен кейін бітетінін де білдік. Солай болды да. Ең ауыр кезеңнің өтуін алыстан күте тұрып, ол Қазақстанға оралды да, полицияға өз аяғымен барды. Ол жерден бөгде мүлікті кепілдікке салып шықты, - дейді Виктория. – Қазір ол бостандықта жүр, біздің мәліметіміз бойынша, ол өзінің банкротқа ұшыраған бизнесін бірден басқа тұлғаларға қайта ресімдеп, туристік қызметпен қайта айналысып жүр деп естідік. Оның атына мүлдем ештеңе тіркелмегендігі түсінікті жағдай. Тіпті, егер сот оны кінәлі, бізді зардап шегуші деп таныса да, қолымызға әлдененің ілінуі неғайбыл. Бірақ бастапқыда біз тіпті төлемақының болатындығына күмән келтірмедік. Өйткені, бұл айқын сақтандырылған жағдай еді. Біз «Сентрас Иншуранс» СК» АҚ компаниясында сақтандырылғанбыз. Оның үстіне, Ханның банкрот жасауды ойға алғанын көпшілігінен бұрын біліп, өз сақтандырушымызға жазбаша ескерту жасадық. 19 мамырда маған Tengri Travelsystem секілді блок-орындарды (ұшақтағы 20-30 креслодан тұратын сектор) сатумен айналысатын жалға беруші компания басшысы қоңырау шалып, біздің әуе билеттері мен отельдеріміздің төленбегенін, яғни, Ханның «Скат» әуе компаниясының чартерлік рейстеріндегі біз сатып алған орындарға ақша аудармағанын айтты. Мәселе мынада, маусым басталардан көп уақыт бұрын ірі туроператорлар өздері немесе бірлесіп чартерлік рейстер үшін ұшақтарды (бұл жағдайда «Скат» әуе компаниясынан) жалға алады. Содан соң борттағы орындарды орта және шағын туроператорларға кері сатады. Біз осы креслоларды Ханнан сатып алдық. Сол шартпен біз мекендеу үшін отельдерден нөмірлерді сатып аламыз. Біз осы өнімдер үшін Ханға ақшаларды 2015 жылдың ақпан-наурыз айларында аударып жібердік. Ал оларды өзі иемденіп алған. Сол күні біз «Tengri Travelsystem» ЖШС тарапына 16,3 млн теңге мөлшеріндегі депозиттердің, турпакеттердің, әуе билеттерінің төленген сомаларын қайтару талабымен хат жолдадық. Ханның өзі алаңдауға себеп жоқ екенін растады, бірақ менің көмекшім Алматыға ұшып барып, сол жерде күні-түні болып, айқай-шумен одан 4 миллион теңгені қайтарып алды. 21 мамырда біз ««Сентрас Иншуранс» СК» АҚ сақтандыру компаниясының бас кеңсесіне жазбаша түрде «Tengri Travelsystem» ЖШС-нің төлем қабілеттігі жоқ болуына байланысты сақтандыру жағдайы туындауы мүмкін екендігі туралы хабарламамен шықтық.

АЛМАТЫДАҒЫ... СОТ ОТЫРЫСТАРЫ

Бірақ уақыт өтіп кеткен еді. Әуе компаниясы билеттер үшін өз ақшасын алмады. Сондықтан оларды өткізілмеген деп танып, оны екінші жалға берушіге береді. Ал ол саттыққа қойды, бірақ анағұрлым жоғары бағамен шығарды. Өйткені маусым келіп қалған еді. Өз жолдамаларын төлеп, сөмкелерін жинаған туристер ештеңеден күмәнданбады. Осыны пайдаланған жалғыз жалға беруші қысқа уақыт ішінде жаңа тариф бойынша олардың орындарын сатып алуды талап етті. Кейбір рейстерде уақытына байланысты бағалар екі есеге дейін шарықтап кеткен еді. Егер наурызда оларды 350 доллардан сатқан болса, маусымда сол билеттер 700 доллар болды. Турпакеттер (отельдерде мекендеу) үшін де екі мәрте төлеуге тура келді.

- Заңнама актілерін басшылыққа ала отырып, 2015 жылдың мамырынан бастап біз сақтандырушының шығындарын азайту немесе алдын алу мақсатында 185 дана мөлшерінде Атырау-Анталия-Атырау маршруты бойынша ұшақ билеттерін қайта сатып алып, Түркия мен Чехияға 6 турпакетті қайта төледік. Егер біздің туристер ұшпаса, отельдердің броньдары мен трансферлер, яғни, толықтай жинақталған пакеттер күйіп кеткен болар еді. Тек әуе билетіне қарағанда оларды төлеу сақтандыру компаниясы үшін анағұрлым қымбатқа шығып кетер еді. Әрине, біз мұны тек осы тұрғыда ғана жасаған жоқпыз. Сол күндері жасалған қысым орасан болды – БАҚ-тың, жұртшылықтың қарым-қатынасы ушығып тұр еді. Адамдардың жүйкелері сыр берді, тіл тигізу де, қоқан-лоқы да болды. Біз клиенттерімізді жолда қалдыра алмадық, олардың алдындағы адами келбетімізді, өзіміздің абыройымызды сақтап қалуға тырыстық, - деп сөзін жалғастырды Виктория.

Нәтижесінде туристік маусым үшін қайта сатып алу 28,3 млн теңгені құрады. Бұл «Tengri Travelsystem» ЖШС көктемде аударғанды қоспағандағы сома.

2015 жылдың 24 мамырында ««Сентрас Иншуранс» СК» АҚ сақтандыру компаниясы тарапына «Travellux» ЖК-нен «Туроператордың және турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершілiгiн мiндеттi сақтандыру туралы» ҚР заңнамасының талаптарында қарастырылған, бүкіл құжаттар жалғанған сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру туралы тиісті талап жолданды. Алайда сақтандыру компаниясы сауалға жауап бермей, бұл жағдайды ресми түрде сақтандыру жағдайы деп танымады. Дегенмен, оны жоққа да шығармады. Сақтандыру мекемесі өз клиентімен коммуникацияның кез-келген түрінен, тіпті штаттан тыс осы ахуалға кеңес беруден тартынды. Алайда сотта сақтандырушы әуе билеттерін қайта сатып алу өздерімен келісілмегенін мәлімдеді. Ал сақтандыру жағдайы туралы өтініште туроператор әуе билеттерін қайта сатып алу және турпакеттерді төлеу әрекеттеріне кірісетінін көрсеткен.

- «Сентрас Иншуранс» СК» АҚ сақтандыру компаниясы өз міндеттемелерінен жалтарғандықтан, біз Алматы қаласындағы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына (жауапкердің мекен-жайы бойынша) бұл жағдайды сақтандыру жағдайы деп тану және сақтандыру төлемімен қамтамасыз ету туралы талап-арызбен жүгіндік. Сот ісі барысында сақтандырушы компания біздің талабымыздың негізді екенін растауды талап етті. Өтініштер (талаптар) қайтадан билеттер мен турпакеттер сатып алуға тура келген адамдардың 46 келісім-шарты бойынша барлық 185 фамилия ұсынылды.

Оған қоса бес клиент сот өтініші бойынша Атырауда куәлік етті, біздің қызметімізді толықтай пайдаланғандарын және жеке бізге келісімшарт бойынша ешқандай талаптары жоқ екенін растады. Төлем шоттарының ерекшелігі сол, онда блок-орындар сатып алынатын туристердің фамилиялары көрсетілмейді – біз маусымнан көп уақыт бұрын оларды блоктап сатып аламыз ғой. Қазақстан туроператорлары қауымдастығының заңгер-сарапшысы Лаура КЕРМЕ сотқа ол жерде неліктен фамилиялардың жоқтығын түсіндірді. Сотқа ҚР заңнамасына сәйкес, әуе билеттері сатылатын тұлғалардың фамилиялары тек тасымалдау келісімшарты жасалған кезде ғана, яғни, билеттің өзін жазып берген кезде көрсетілетіндігі түсіндірілді. Бірақ бұл проблема аты-жөндері және билеттегі әуе рейстерінің даталарымен сәйкес келетін даталар көрсетілген отельдерге берілген ваучерлер арқылы оңай шешілді. Алайда сот біздің талаптарымызды қараусыз қалдырды. Формальды себеп қайран қалдырады – судья ОНЛАНБЕКОВА тек 5 ай болған сот ісінен кейін ғана ахуалды сақтандыру жағдайы деп тану туралы мәселені шешу арыз берушінің мекенжайы бойынша аудандық соттың құзырына кіреді деген тұжырымға келді. Және әуе билеттері мен турпакеттерді қайта төлеу фактісінің дәлелденбеуі себепті сақтандыру төлемін өндіруден бас тартты. Осылайша, оқиғаны сақтандыру жағдайы деп тану керек пе, жоқ па, соттың өзі әлі шеше алмаған болып шықты.

Осы қылмыстық істің шеңберінде, турагенттіктердің осындай талап арыздарының Алматы қаласындағы осы сотта қаралып, істің ойдағыдай аяқталған мысалдары жеткілікті. Мәселен, Хан бойынша «Негрейко» ЖК (Атырау), «Онур-тревел» (Атырау), «Фрегат» (Алматы) компаниялары, бірқатар астаналық, алматылық, қарағандылық, ақтөбелік компаниялар өз талап-арыздары бойынша сот ісінде жеңіп шықты. Ол жерде салыстырмалы түрде шағын сома (1-1,5 млн теңгеден) туралы іс қозғалып, оларға осы сомалар төленді. Алайда ең ірі зиян біздің компаниямызға тиді және сақтандыру компаниясы оны бізге төлегісі келмейді.

Бірінші инстанциядағы сот шешімімен келіспеген біз Алматы қаласының қалалық сотына апелляциялық арыз бердік. Өз дәлелдерімізді растау үшін сотқа бүкіл қаржылық құжаттарымызды: қайта сатып алған билеттерімізді үшін ақшалай қаржылар аударға-нымыз туралы төлем тапсырмаларын, қайта төленген турпакеттер үшін есепшоттарды, “Tengri TravelSystem" ЖШС шотына ақшалай қаржыларды аудару туралы төлем тапсырмаларын ұсындық.

Талап-арыз беруші өкілдерінің түсініктемесін, сонымен қатар, жауапкер тарапты тыңдаған соң сот есепшоттарда туристердің аты-жөндерінің жоқтығына қайта сілтеп, бірінші сот инстанциясының шешімін өзгеріссіз қалдырды. Жалға беруші біздің билеттерді зардап шегуші туристер үшін қайта сатып алғанымызды және біздің осы баламалы билеттерді ұсынғанымызды құжат түрінде растады. Тек сол сәтте біз техникалық тұрғыда “Tengri TravelSystem" ЖШС-нен бастапқыда сатып алған билеттерімізді ұсына алмадық. Олар өздерін банкрот деп жариялаған кезде, бүкіл туристердің электронды дерекқорлары бар сайтты жауып тастаған еді. Айтпақшы, 2016 жылдың қаңтарында маған Роман Ханнан делдал келіп, сотта дәлел болатын қажетті билеттер мен он-лайн жүйесіне қолжетімділікке айырбас ретінде менің ҚР Тергеу комитетіндегі алаяқтық фактісі туралы арызымды алуымды өтінді. Мен бас тарттым.

…АТЫРАУДАҒЫ ҚЫСҚА СОТ

Биылғы жылдың мамырындағы ахуал бойынша Р.Ханға қарсы қылмыстық іс аясында Алматы қаласы бойынша ІІМ Тергеу комитеті 12,3 млн теңге мөлшерінде «Travellux» ЖК-не материалдық зиян сомасын анықтады. Турагент осы қылмыстық іс бойынша зардап шегуші деп танылды. Іс әлі тергелуде. Айта кету керек, тергеу комитетінің экономикалық сараптамасы «Travellux» ЖК жүргізген бүкіл төлемдерді растады. Айтпақшы, осы уақытта Алматыдағы судья көрсетуді талап еткен билеттер зардап шегушілердің қолына түскен болатын.

Бір қызығы, тіпті осы жағдайда да зардап шегушілер қайта ұтылып қалды. 2016 жылдың маусымында Атырау қалалық сотында судья Лаура ЛҰҚПАНОВАНЫҢ төрағалығымен сақтандыру жағдайының заңды басталу фактісін анықтау туралы талап-арыз қаралды. Сот алдына зиянды өтеу туралы емес, тек оқиғаны сақтандыру жағдайы деп тану туралы мәселе қойылды.

- Алдын ала тыңдау кезінде біз судьяға басқа компаниялар бойынша бұл жағдайдың сақтандыру жағдайы деп танылғанын, олардың өз төлемдерін алғанын және тергеу ісінің бізді зардап шегуші деп танығанын хабарлап үлгерген едік. Сөйтіп, алғашқы әрі жалғыз отырыс өте түсініксіз өтті. «Сентрас Иншуранс» СК» АҚ Алматыда біз бүкіл соттан жеңілгендіктен, осы тыңдауға қарсы екені туралы өтініш берген. Алайда бұл талап-арыздың оған еш қатысы жоқ еді – біз ешқандай төлем талап етпедік, тек бұл жағдайды «сақтандыру» деген анықтамаға ілігетін жағдай екенін тануды ғана сұраған едік, - деп әңгімелейді Виктория. – Ақылға қонымсыз жері - судья осы өтінішпен кеңесу бөлмесіне шығып кетті, 5 минуттан кейін дайын шешіммен қайта оралды. Жарыссөз де, сұрақтар да, ұсынылған құжаттарды қарау да болған жоқ. Мүлдем ештеңе болмады. Дайын шешімді оқыды да, кетіп қалды. Қандай шешім дейсіз? Осы іс бойынша өндірісті тоқтатып, осы мәселе бойынша бүкіл ҚР аумағындағы сотқа қайта жүгінуге тыйым салу шешімі! Яғни, бізге сот инстанциясы, соңғы үмітіміз және әділдік қорғаны өз құқығымызды бүкіл ел аумағында қорғауға тыйым салды. Бұл дұрыс па?! Өйткені бүкіл фактілер ап-айқын, біз адал жұмыс істеп отырмыз, төлем туралы бүкіл қаржылық құжаттарымыз бар, туристердің арыздары бар, біздің шығынға ұшырағанымыз туралы ресми құжаттар бар. Осыдан кейін біздің сот ештеңе болған жоқ деп мәлімдейді, ал басты кінәлі бостандықта тайраңдап жүр және ешкімге ештеңе төлемейді. Ал біздің тәуекеліміздің кепілі болған сақтандырушы біздің аузымызды жауып тастайды. Осы отырыстан кейін бізге жанама ауызша қоқан-лоқылар жасалды, біз қазір өз өміріміз үшін қорқамыз. Әділдікке қол жеткізу үшін біз осы фактілердің барлығын БАҚ арқылы жария етуге мәжбүр болдық.

21 шілдеде судья Лұқпанованың шешіміне апелляциялық шағым қаралды. Апелляциялық алқа шешімді өзгеріссіз қалдырып, бізге талап-арыздарымызды қанағаттандырмау туралы нұсқау бар екенін бейресми түрде тағы да түсіндірді.

Материалды дайындау барысында біз сақтандыру компаниясына редакция сауалын жолдаған едік. Екі сұрақ болды: сақтандыру компаниясы бұл оқиғаны сақтандыру жағдайы деп тани ма және «Travel Lux» ЖК-не кеткен шығындарын өтеу ниеті бар ма? «СК “Сентрас Иншуранс" АҚ басқармасының төрағасы Руслан ПОГОРЕЛОВ өз жауабында алдыңғы сот шешімдеріне сілтеп, сонымен қатар, «журналист шындыққа жанаспайтын ақпаратты таратпауға міндетті» екенін атап өтті.

Қолымызда тұрған құжаттарға сәйкес, біздегі ақиқат осындай көрініске ие болды, ал сізде ше, Погорелов мырза?

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА


28 шілде 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.