Атырау, 4 шілде 10:26
 дождьВ Атырау +26.4
$ 472.03
€ 540.29
₽ 6.11

Барлық жаңалық

Нәутиевтің орнына облыс әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды Атырауда

Нәутиевтің орнына облыс әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Бүгін, 26 қаңтарда Атырау облысы әкімінің жаңа орынбасары - Қайрат НҰРЛЫБАЕВ тағайындалды. Одан бұрын бұл лауазымды 4 жыл атқарған Әлібек Нәутиев облыстық мәслихаттың хатшысы қызметіне сайлануына байланысты қызметінен босатылды. 26 қаңтар 2021, 16:15 4 703 рет қаралды
Спорт хроникасы Спорт

Спорт хроникасы

Қарағандыда «Джиу джитсу 2021-ге оралады» атты ашық республикалық турнир өтті. Бұл пандемия басталғалы өткен алғашқы маңызды жарыс, оған еліміздің түкпір-түкпірінен төрт жүзден астам спортшы қатысты. Сондықтан да Атырау облысы құрамасының жетістігі ерекше қуантады: біздің спортшылар 3 алтын, 3 күміс және 2 қола алқамен оралды. 26 қаңтар 2021, 17:55 4 326 рет қаралды
Индерлік пошташылар неден қорқады? Атырауда

Индерлік пошташылар неден қорқады?

Индербор кентіндегі аудандық пошта байланыс торабы ғимараты 1971 жылы пайдаланылуға берілген. Ал мұндағы қызметкерлер күтімсіз қалған ғимарат үстімізге құлап кете ме деп, әр күнін қорқынышпен өткізуде.  Сурет Бейнежазба 26 қаңтар 2021, 15:04 3 909 рет қаралды
Үкімдегі қарама-қайшылық Атырауда

Үкімдегі қарама-қайшылық

Өткен жылдың 8 қыркүйегінде Дамбы ауылының тұрғындары Нұрлан ҚАЛИЕВ пен Сабыржан МҰСАЕВ 18 келі бекіре балығымен ұсталды. Алғашында сот оларға 56 млн теңге айыппұл салып, 3 жылға бас бостандығын шектеді. Кейін табиғатты қорғау прокуратурасының аппеляциялық шағымы  бойынша бас бостандығын шектеу жазасы айыру жазасына өзгертіліп, олар қамауға алынды. Қалиев пен Мұсаевтың туыстары сонша қатаң жазалаудың не қажеті бар екенін түсінбей дал. 26 қаңтар 2021, 10:42 4 029 рет қаралды
Ханымдар мейрамханадан шығып, төбелесіп қалды Басқа жаңалықтар

Ханымдар мейрамханадан шығып, төбелесіп қалды

23 қаңтарда таңғы сағат 3-те Азаттық көшесіндегі «Vivaldi»  мейрамханасының алдында 32, 33 және 28 жастағы ханымдар өзара төбелесіп қалды. ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға орнына келген полиция қызметкерлері оларды сараптамаға апарғанда, үшеуі де жеңіл дәрежедегі алкогольдік масаң күйде болған. 26 қаңтар 2021, 10:00 4 194 рет қаралды
Мазақ етем деп қорқытып, ақша талап еткен Оқиға

Мазақ етем деп қорқытып, ақша талап еткен

51 жастағы Атырау қаласының тұрғыны өзінің бір танысы 50 мың теңге талап етіп, бопсалап жүргені туралы полицияға арызданады. Егер ақша бермесе, әлеуметтік желіге оның ұятты бейнежазбасын таратып жіберемін деп қорқытқан екен. 26 қаңтар 2021, 09:43 3 413 рет қаралды
Тағы үш учаске аукционға шығарылды Экономика

Тағы үш учаске аукционға шығарылды

Атырау облысында тағы 3 учаске көмірсутек шикізатын барлау және өндіру құқығына арналған электрондық аукционға шығарылды. Ол 2021 жылдың 23 сәуірінде өтеді. Аукционға қатысу үшін (барлығы 15 жер телімі бар) 2021 жылдың 25 наурызына дейін (осы күнді қоса алғанда) www.gosreestr.kz сайтында өтінім беруге болады. 25 қаңтар 2021, 17:24 4 268 рет қаралды