Атырау, 29 наурыз 10:40
 ашықВ Атырау +10
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Қазақстанда тұрғын үй бағасы тұрақтанды

2 595 просмотра

Қазақстандағы бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Рустам Ахметов Қазақстандағы тұрғын үй бағасының жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Ол жыл басынан бастап бірінші тұрғын үй нарығындағы баға 5 пайызға өскенін, бірақ қазір оның тұрақталғанын атап өтті.

Қазір динамика төмендеді, соңғы айда - 0,8%. Тұрғын үй нарығындағы бағаның өсуінің басты себебі нарыққа 1 триллион 200 миллиард теңгенің зейнетақы активтерінің енуімен байланысты. Бағаның өсуін тежеу үшін біз бағаны төмендету туралы құрылыс компанияларына 11 ескерту жіберіп, олармен келіссөздер жүргіздік. Енді біз тұрғын үй бағасының динамикасы тұрақталғанын көріп отырмыз, - деді Рустам Ахметов ОКҚ-да өткен брифингіде.

23 қаңтардан бастап елімізде зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалануға өтінімдер қабылдауға арналған онлайн-платформа іске қосылды. Қазақстандықтар бұл ақшаны тұрғын үй жағдайын жақсартуға немесе қымбат ем-домға жұмсай алады.

14 мамыр 2021, 11:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.