Атырау, 23 желтоқсан 00:25
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

​Атырауда бір тәулікте коронавирус жұқтырған 75 жағдай тіркелді

3 573 рет қаралды
Суретті түсірген Нұрбейбіт Нұғыманов/azh.kz

Атырау облысында бір тәулік ішінде 75 адам COVID-19 жұқтырған. COVID-19 және пневмониядан инфекциялық стационарларда 531 адам ем алуда, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Соңғы тәулікте Атырау қаласында COVID-19 жұқтырған 54 жағдай расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнынан 5 науқас анықталды.

 Аудандарда коронавирус инфекциясын жұқтыру жағдайы аз емес. Соңғы тәулік ішінде Жылыой ауданының 6 тұрғынында, Индер ауданының 6 тұрғынында, Қызылқоға ауданының 1 тұрғынында, Махамбет ауданының 3 тұрғынында COVID-19 расталды.

Коронавирус инфекциясы бар 48 науқаста осы індетке тән ауру  белгілері бар, ал 27 адамда  ол байқалмайды.

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 98 адам емделді.

Қазір 642 адам үйден, модульдік ауруханада – 161 науқас, екінші облыстық ауруханада – 114, фтизиопульмонология орталығында – 46, аудандық инфекциялық стационарларда – 134 адам ем қабылдауда. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда – 76 адам жатыр.

Атырау облысы коронавирустың таралу қарқыны бойынша «сары» аймақта орналасқанын айта кеткен жөн. 

14 мамыр 2021, 12:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.