Атырау, 23 желтоқсан 00:26
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Атырау облысында жыл басынан бері COVID-19-дан 77 адам көз жұмды

2 748 рет қаралды

Өлім-жітім статистикасы туралы сауалымызға жауап ретінде Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасы 2021 жылдың басынан бері 77 адамның COVID-19 ауруынан қайтыс болғанын хабарлады.

Оның ішінде, 40 ер адам мен 37 әйел, коронавирус инфекциясынан - 61, COVID-пневмониядан – 16 адам.

67 адам Атырау қалалық №2 ауруханасының инфекциялық стационарында, 5 адам Индер аудандық ауруханасының инфекциялық стационарында, 2 адам Құрманғазы ауруханасында, бір-бірден Махамбет және Жылыой ауруханаларында, тағы бір адам кардиология орталығында көз жұмды.

Жас ерекшелігі бойынша: 

1930-1940 ж.т.– 10 

1940-1950 ж.т.– 23   

1950-1960 ж.т.– 29 

1960-1970 ж.т.– 10   

1970-1980 ж.т.– 5 

Дайындаған Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

14 мамыр 2021, 11:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.