Атырау, 18 сәуір 14:45
 ашықВ Атырау +21
$ 448.89
€ 477.93
₽ 4.76

Атырауда «Аспава» мейрамханасы өртеніп жатыр

Сурет Бейнежазба
4 237 просмотра

Бүгін, 13 мамырда Атырауда облыстық прокуратураның жанындағы «Аспава» мейрамханасында өрт шықты. Оқиға орнында өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатыр, Атырау облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Омар БЕРЖАНОВ та келді.

«14 сағат 42 минутта 112 бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметінің Call-орталығына «Аспава» мейрамханасындағы өрт туралы хабарлама түсті.

Шақыру орнына келген кезде «Аспава» мейрамханасының мансард бөлігі (2000 жылы салынған, ауданы 450 шаршы метр) ашық отпен жанып жатқаны анықталды.

Өрт болған жерде жедел өрт сөндіру штабы құрылды.

Өртті сөндіруге 45 жеке құрам мен 9 арнайы техника жұмылдырылды.

Өрт кезінде мейрамханада қонақтар болған жоқ, өрт сөндірушілер келгенге дейін «Аспава» мейрамханасының 20 қызметкері өз бетімен қауіпсіз жерге шыққан.

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өрттің себебі анықталып жатыр», деп хабарлады Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Фархат ӘБІЛОВ

Сурет пен бейнежазбаны түсірген автор

13 мамыр 2021, 17:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.