Атырау, 26 сәуір 22:43
 ашықВ Атырау +18
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

​Атырау полициясы керемет кешенге көшеді

4 023 просмотра

2017 жылдың мамыр айында Нұрсая ықшамауданында Атырау облысының полиция департаментіне арналған жаңа ғимараттың құрылысы басталды. Алайда құрылысы 2020 жылы аяқтауға жоспарланған нысан әлі пайдалануға берілген жоқ. Алғашында жоба сомасы 5 миллиард 552 миллион теңгені құраса, қазір 7 миллиардтан асты.

Кешеннің құрылысы 2017 жылдың мамырында басталды, пайдалануға беру мерзімін алдымен 2019 жылдың желтоқсанында, кейін 2020 жылдың мамырында деп жоспарланған. Бастапқыда келісімшарт бойынша нысанның жалпы сметалық құны 5 миллиард 552 миллион 364 мың теңгені құрады. Бас мердігер Ақтөбе қаласында тіркелген «TSG Construction» ЖШС.

Алайда, құрылыс басталғаннан алты ай өткен соң, 2017 жылдың желтоқсанында, жобалық-сметалық құжаттамада анықталған кемшіліктерге, сондай-ақ тікелей құрылыс барысындағы кемшіліктерге байланысты жұмыс тоқтатылып, жобалық-сметалық құжаттама түзетуге жіберілді. Сол кезде TSG Constraction компаниясы іргетасын қалап,  ғимараттың барлық бес блогының, казарма мен спорттық блоктың темірбетон қаңқасын тұрғызып үлгерді - 5,5 миллиардтың 800 миллион теңгесі игерілді. ЖСҚ 2018 жылдың шілдесінде дайын болып, құрылыс жанданды. Кейін пандемияға байланысты тағы да тоқтатылып, қазір құрылыс жұмыстары қайта басталды.

- Қазіргі уақытта мердігер ғимараттың қасбетін, сонымен қатар ішкі әрлеу жұмыстарын және электр желісін жүргізіп жатыр. Нысанды 2021 жылдың желтоқсанында пайдалануға беру жоспарланған. 4,5 миллиард теңге игерілді, - деп хабарлады «AЖ»-ға облыс әкімдігінде.

Полиция департаменті кешенінің жалпы ауданы - 4 гектар, оның жартысына жуығына жасыл желек егілу керек. Кеңсенің өзінің ұзындығы 120 метр және бірнеше блоктан тұрады: бес блоктан тұратын кеңсе; спорт кешені; 100 сарбазға арналған казарма, 100 жылдам қимылдайтын арнайы жасақ сарбаздарына арналған 100 орындық жатақхана; Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы; уақытша ұстау изоляторы; әрқайсысы 16 көлікке арналған ангар типіндегі екі тұрақ; генераторы мен қазандығы бар қосалқы трансформатор станциясы. Жұмыс жасап тұрған әкімшілік полиция кеңсесін де болашақ ІІД кешенінің бөлігі деп санауға болады. 

Фархат ӘБІЛОВ

13 мамыр 2021, 18:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.