Атырау, 28 наурыз 20:53
 ашықВ Атырау 0
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Теңіз жұмысшылары Қазақстанның басқа қалаларында да екпе ала алады

PR
22 777 просмотра

ТШО вакцинациялау бағдарламасын кеңейтіп, мұнайшыларға коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинаны Теңіз кен орнынан басқа жерлерден де алуғамүмкіндіктер ұсынды.

11 мамырдан бастап ТШО және бизнес-серіктестердің жұмысшылары «Медикердің» Атырау, Құлсары, Нұр-Сұлтан, Алматы, Орал, Ақсай, Шымкент, Ақтөбе, Ақтау, Қызылорда, Тараз, Көкшетау, Түркістан, Талдықорған және Жаңаөзен қалаларындағы орталықтарынан вакцина салдыра алады. Бұл еліміздің өзге өңірлерінен келген жұмысшылар үшін өте ыңғайлы. Вакцина бойынша туындаған барлық сұрақтарға «Медикер» колл-орталығынан + 7 7172 47 27 27 жауап алуға болады.

Естеріңізде болса, Қазақстанда ақпан айынан бастап азаматтарды вакцинациялау бойынша мемлекеттік бағдарлама жүзеге асырылуда, бұл жерде «Теңізшевройл» үкіметтің жұмысын толықтай қолдайды. Компанияда хабарлағандай, облыстық денсаулық сақтау басқармасы сәуірде «Теңізшевройлға» Sputnik V вакцинасының 15 мың дозасын жеткізді. Бүгінгі таңда вакцина алғысы келетін азаматтардың жалпы саны 15 мыңнан асады, 10 мыңнан астам адам бірінші компонентпен егілді. Компанияда вакцинация тек ерікті негізде жүзеге асырылатынын атап өтті.

Вакцинация қалай жүргізіледі?

Вакциянациялау процесі барлық санитарлық нормаларды қатаң сақтай отырып жүзеге асырылады - ниет білдірушілер тек алдын ала жазылу бойынша қабылданады. Тіркеу үстеліне бара жатқанда қызметкерлер басқа адамдардан 2 метр қашық болуы тиіс. Күту залында әрбір қызметкер вакцинация процедурасымен танысып, сондай-ақ вакцина туралы жалпы ақпаратты біле алады. Содан кейін қызметкерлер дәрігердің кеңесін, туындаған кез келген сұрақтарға жауап алады және вакцинацияға келісімді жазбаша растайды.

Вакцинаны екпес бұрын медицина қызметкері дене температурасы, оттегі деңгейі және қан қысымы сияқты маңызды көрсеткіштерді өлшейді. Содан кейін арнайы палатада иыққа вакцина егіледі. Сонымен қатар, медицина қызметкері вакцина партиясының атауы мен нөмірін eGov жүйесіне жібереді.

Вакцинациядан кейін қызметкерлер 30 минутқа бақылау залына жіберіледі. Ол жерде егер қызметкер өзін нашар сезінсе, мамандар қажетті көмек көрсетуге дайын.

Одан бөлек, ТШО Атырау өңіріне демеушілік көмегін де жалғастырып келеді – жақында вакциянаны тасымалдауға арналған 28 мұздатқыш камерасы сатып алынды. Атырау облысына арналған медициналық құрал-жабдықтар мен басқа да қажетті материалдарды сатып алу үшін компания 4,5 млрд теңге қаржы жұмсады.

Компанияда қызметкерлердің денсаулығы мен қауіпсіздігін қорғау басты міндет екенін ерекше атап өтеді. Соңғы кезде Теңіз кен орнында COVID-19 жағдайы тұрақталып келеді, сәйкесінше, инфекция жұқтырғандар саны азайды. Дегенмен, ТШО мердігер компаниялармен бірге ПТР-тест тапсыру, оқшауландыру, әлеуметтік ара қашықтық, маска тағу сияқты Атырау облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің талаптарын қамтамасыз етуді жалғастырады.

13 мамыр 2021, 16:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.