Атырау, 26 сәуір 12:59
 ашықВ Атырау +23
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Жанбайдағы бекіренің мүсіні

Сурет
4 293 просмотра

Исатай ауданы Жанбай ауылында жергілікті бюджет есебінен бекіре балығының мүсіні қойылды. Бұл құлпытас секілді. Каспий теңізінің жағасында орналасқан ауылдың іргесінен бір кездері қызыл балық көп жүретін, ал жергілікті шаруалар елдің халық шаруашылығын балықпен қамтамасыз етті.  

- Ауылдың тарихынан сыр шертетін бекіре балығының мүсіні Мәдениет үйінің ауласынан орын тепті, – дейді Жанбай ауылы округінің әкімі Дидар ЕСМҰХАНОВ. Бұл мүсінмен қоса төрт тақта орнатылды, онда Нарын құмы, елді ашаршылықтан құтқарған құмаршық өсімдігі, мұнай және ауылшаруашылығының көріністері бейнеленген. Мүсін мен тақтаға 6 млн 400 теңге бөлінді.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суреттер әлеуметтік желіден алынды

15 мамыр 2021, 15:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.