Атырау, 23 желтоқсан 13:10
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Тоқаев жер телімін шетелдіктерге сатуға тыйым салатын заңға қол қойды

2 260 рет қаралды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңға қол қойды, деп хабарлайды zakon.kz.

Заң шетелдіктерге және шетелдік компанияларға, шетелдік үлесі бар қазақстандық компанияларға, азаматтығы жоқ адамдарға, халықаралық ұйымдардың қатысуындағы ғылыми-зерттеу орталықтарына, сондай-ақ кандастарға ауылшаруашылық жерлерін беруге толық тыйым салуды көздейді.

Сондай-ақ құжатта шетелдіктер мен шетелдік үлесі бар қазақстандық компаниялардың бұрын жалға алған ауылшаруашылық жерлерінің мерзімдерін ұзартуға болмайтындығы және оларды пайдалану мерзімі аяқталғанға дейін ғана иелік ететіндігі туралы айтылған.

13 мамыр 2021, 10:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.